Теннистен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды

0
701

Біріншілікке 8 облыстан 30-дан астам спортшы келген.


Теннистен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды

ERNUR.KZ. Ақтауда тірек- қимыл аппарты зақымданған жастар арасында үстел теннисінен ел чемпионаты басталды, деп жазады BAQ.KZ.

Біріншілікке 8 облыстан 30-дан астам спортшы келген. Олардың бесеуі маңғыстаулық спортшылар. Олар ауру белгілеріне қарай екі топқа бөлінген.

"Класификаиясы бойынша әрбірі өзінің классына бөлінеді. Ауруына байланысты. Қозғалысы қиын болған сайын классы төмен болады. Қозғалысы дұрыстау болғаны биік класс оныншы классқа жатады. Оныныша класста үш ойыншымыз бар. Төменгі класстарда екі ойыншымыз бар", - дейді Мұрат Бисенбаев Маңғыстау облысы мүгедектер спорт клубының директоры

Жоғарғы классты ойыншылар арасында ел чемпионы болғандардың бір ақтаулық -Тұрдыбек Жидеғалиев. Тұрдыбектің бір аяғы бірнен екі см қысқа. Бірақ ол жас жігіттің спортқа құштарлығына кедергі емес.Тұрдыбек тенниске 6 жыл бұрын келген. Бұл оның алғашқы Қазақстан чемпионаты. Жарыс барысында ол 4 кездесу өткізіп үшеуін 3- 0, біреуін 3-2 есебімен жеңді.

"Бізді класс-классқа бөліп тастады. Менің классымда төрт адам болды. Оның ішінде ең мықтысы-Бижанов Бекзат қостанайлық. Сонымен 2 рет кездестім. Біреуінде ол, біреуінде мен жеңідім. Спорт бірде ұтыс , бірдең ұтылыс. Көптеген жарыстарды ұту арман еді. Осы жарысқа дайындалуға бар күшімді салдым" – дейді ҚР чемпионы Тұрдыбек Жидеғалиев.

Алғашқы жарыс күнінің қорытындысында үш алтынмен Атырау облысының командасы алғашқы орында тұр, екі алтын бір күміс жүлдеге ие болған Маңғыстау құрамасы жалпы командалық екінші орында тұр. Жарыс тамыздың 20 -сына дейін жалғасады.