Тимофей Скатов теннистен Қазақстанның екінші ракеткасы атанды

0
477

Тимофей Скатов Михаил Кукушкинді ATP-дағы қазақстандық теннисшілер рейтингісінде екінші орыннан үшінші орынға жылжытты.


Тимофей Скатов теннистен Қазақстанның екінші ракеткасы атанды

ERNUR.KZ. Петропавлдық 21 жастағы теннисші Тимофей Скатов әлемдік ATP рейтингісінде айтарлықтай серпіліс жасады. 3 қазан күні қазақстандық спортшы жекелей сында әлемнің ең үздік теннисшілері рейтингісінде 209-орынға тұрақтады, деп жазады zakon.kz.

Осылайша Тимофей Скатов Михаил Кукушкинді ATP-дағы қазақстандық теннисшілер рейтингісінде екінші орыннан үшінші орынға жылжытты.

Қазіргі уақытта Скатовтың еншісінде 247 ұпай бар, ол соңғы аптада 24 ұпай жинады. Оған жас спортшының Португалия астанасы Лиссабон қаласында өткен "Челленджерде" сәтті өнер көрсетіп, жекелей сында жартылай финалға шығып, бірқатар танымал ойыншыларды жеңгені ықпал етті.