Төрт қазақ балуаны финалға шықты

0
733

Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды.


Төрт қазақ балуаны финалға шықты

ERNUR.KZ. Жарыстың алғашқы күнінде төрт қазақстандық балуан финалға жолдама алды, деп жазады vesti.kz.

Құрлықтық біріншіліктің алғашқы күнінде грек-рим күресінен 55, 63, 77, 87 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар боз кілемге шықты. Іріктеу кезеңінде Қазақстан сапынан Аманғали Бекболатов, Мейрамбек Айнағұлов, Мақсат Ережепов, Әлімхан Сыздықов финалға шықса, Нұрсұлтан Тұрсыновқола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Финал елорда уақытыман сағат 16:00-де басталады.

Қазақстандық спортшылардың финалдық кезеңдегі қарсыластары келесідей болмақ:

Финал

55 келі: Аманғали Бекболатов - Ю ШИОТАНИ (Жапония)

63 келі: Мейрамбек Айнағұлов - Тынар Шаршенбеков (Қырғызстан)

77 келі: Ақжол Махмудов (Қырғызстан) - Мақсат Ережепов

130 келі: КИМ Минсок (Оңтүстік Корея) - Әлімхан Сыздықов

Жұбаныш финалы (қола жүлде үшін белдесу)

87 келі: Мелис Айтбеков (Қырғызстан) - Нұрсұлтан Тұрсынов