​Төрт салмақ санатындағы бұрынғы әлем чемпионы тұтқындалды

0
1 084

Бронер - Пакьяо жекпе-жегі 19 қаңтар күні Лас-Вегастың MGM Grand аренасында өтуі тиіс болатын.


​Төрт салмақ санатындағы бұрынғы әлем чемпионы тұтқындалды

ERNUR.KZ. Америкалық боксшы Эдриэн Бронер (33-3-1, 24 КО) филиппиндік Мэнни Пакьяоға (60-7-2, 39 КО) қарсы кездесу алдынан қамауға алынды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бронер жексенбі күні Флорида штатында қамауға алынды. Оған америкалықтың бірнеше сот отырысына бармауы себеп болған. Эдриэнге қарсы сот процесінің басталғанына жылға таяп қалған. Боксшыға автомобиль жүргізудегі бірнеше рет ереже бұзды деген айып тағылып отыр. Бұдан тыс, ол сатып алынған зергерлік бұйымдар үшін ақша төлемеген.

Айта кетсек, Бронер - Пакьяо жекпе-жегі 19 қаңтар күні Лас-Вегастың MGM Grand аренасында өтуі тиіс болатын.