"Тоттенхэм" Жозе Моуриньюді орнынан босатты

0
845

Лондондық команда еурокубоктарға қатыса алмауы мүмкін.


ERNUR.KZ. "Тоттенхэмнің" бас бапкері Жозе Моуринью орнынан босатылды. Бұл туралы The Athletic журналисті Дэвид Орнштейн твиттер желісінде хабарлады, деп жазады vesti.kz.

Лондондық клуб басшылығына команданың көрсеткіштері ұнамағаны анық. Клуб АПЛ аяқталғанға алты тур қалғанда тек жетінші және еурокубоктарға ілінуге төрт ұпай жеткіліксіз жинап отыр.

Кейінгі бес матчте лондондықтар бір рет қана ұтқан, екі рет ұтылды және екі рет тең ойнаған.

Моуринью "Тоттенхэмді" 2019 жылы күзде жаттықтыра бастады.