Түркістандық дзюдошы Дидар Хамза тағы да топ жарды

0
1 922

Спортшы бұл жеңісін Түркістан облысының тұрғындарына арнайтындығын жеткізді.


Түркістандық дзюдошы Дидар Хамза тағы да топ жарды

Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу Даби қаласында өткен "Grand Slam" турнирінде қола медальды қанжығасына байлаған дзюдошы Дидар Хамзаны мекеме ұжымы мен бір топ жанкүйерлері күтіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кездесуде облыстық Әбдiсалан Нұрмаханов атындағы Олимпиада резервiнiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiнiң директоры Дәурен Тәңірбергенов құттықтауын жеткізіп, сайыпқыранға алдағы бәсі биік бәсекелерде топ жарып, Қазақстанымыздың қала берді киелі шаһардың атын таныта беруге тілектестік білдірді.
Еске сала кетейік, 81 келі салмақта дәрежесінде өнер көрсеткен балуан татамиде бірінші қырғызстандық Владимир Золоевты, келесіде ресейлік Аслан Лаппинаговты жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Бұдан соң Израиль балуаны Муки Сагиге есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде болгариялық Ивайло Ивановты ұтып, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған еді. Жұбаныш белдесуінде әлем чемпионы, Иран балуаны Саид Моллаимен жоспарланған белдесу оның жарақат алуына байланысты Дидар Хамзаға бұйырған. Жерлесіміз осылайша "Grand Slam" турнирінің қола жүлдесіне ие болды.
Қаламыздың мақтанышына айналған спорт саңлағы «Алдағы уақытта да әлемдік додаларда ел мерейін үстем етуге барымды саламын, және де осы жеңісімді Түркістан облысының тұрғындарына арнаймын»,- деді сұхбат барысында.