Тыр жалаңаш доп қуалаған футболшылар жаға ұстатты (фото)

0
1 379

Тыр жалаңаш доп қуалаудан еш қымсынбаған футболшылар тек аяқ киім мен шұлық киіп шыққан.


Тыр жалаңаш доп қуалаған футболшылар жаға ұстатты (фото)

ERNUR.KZ. Германияда тыр жалаңаш доп қуалаған футболшылар әлем назарына ілікті, деп жазады kaz.nur.kz.

Неміс ойыншылары, осылайша кәсіби футбол ойынының коммерцияландырылуына қарсы шыққан деп жазады.

Тыр жалаңаш доп қуалаудан еш қымсынбаған футболшылар тек аяқ киім мен шұлық киіп шыққан. Ал нөмірді арқасына жаза салуды ұйғарыпты.


Мұндай оғаш ойынды ұйымдастыру жұмыстарын 34 жастағы суретші Геррит Старчевски өз мойнына алған көрінеді.

"Футбол жүйесі дертке шалдыққан, сол себепті біз барлығымыз тыр жалаңаштандық", - дейді ол.

Германияда болған бұл жайт көпшіліктің қызу талқысына түсті. Десе де ел назарына жалаңаш күйінде іліккен футболшылар ойынның қызықты өткенін алға тартуда. Олар әуретті жері жалпақ жұртқа жария болып жатқанына айтарлықтай ыңғайсызданбайтын сыңайлы.

Еске салсақ, бұған дейін біз Замбияда ашушаң әйел сөзіне құлақ аспаған күйеуінің әуретті жерін жұлып алғанын жазған болатынбыз.