2 мамыр күні УЕФА барлық командаларды 2022/23 жылғы маусымдағы барлық жарыстардан шеттеткенін хабарлады.
ERNUR.KZ. Еуропа футбол одағының (УЕФА) президенті Александер Чеферин ресейлік клубтардың еурокубок ойындарына қатысуға қашан рұқсат алатынын айтты, деп жазады vesti.kz.
"Біз бұған дейінгі айларда жағдайды дұрыс бағаламадық. Мұндай деңгейдегі жанжал болатынын ешкім ойламады. Бұл жағдай басталғанда ары кетсе екі-үш аптаның ішінде шешіледі деп ойладық. Сондықтан дәл қазір алдағы уақытта не боларын айту қиын.
Тіпті ресейлік клубтар енді еурокубокта ойнамауы да мүмкін. Бірақ нақты айта алмаймын. Ал Украина елінің командалары барлық турнирлерге қатысу үшін барлық жағдайды жасаймыз.
Мен осыған дейін де талай айттым. Ураина мен Ресей елінің спортшылары үшін жағдай қиын. Әсіресе ресейлік футболшылар үшін. Себебі, осы жанжалдың кесірі соларға тиіп жатыр", - деп келтіреді Чефериннің сөзін Sky Sport Italia порталы.
Еске салайық, 2 мамыр күні УЕФА барлық командаларды 2022/23 жылғы маусымдағы барлық жарыстардан шеттеткенін хабарлады. Сонымен қатар, мұндай жазаға Ресейдің барлық футбол құрамасы да ілікті.