UFC басшысы Нурмагомедовті чемпиондық атағынан айырмайтын болды

0
2 839

Хабиб жуық арада Уайтпен кездеседі.


UFC басшысы Нурмагомедовті чемпиондық атағынан айырмайтын болды

ERNUR.KZ. UFC басшысы Дана Уайт ресейлік Хабиб Нурмагомедов әлі де жеңіл салмақтың чемпионы болып қала беретінін айтты, деп жазады vesti.kz.

Оның ақпараты бойынша, жуырда Уайта Лас-Вегас қаласында Хабибпен кездесіп, әңгімелеседі. Осы кездесуде Нурмагомедовтің чемпиондық белбеуінің мәселесі шешіледі.

Еске салайық, 2020 жылдың қазан айында Нурмагомедов UFC 254 турнирінде Джастин Гэтжиді жеңіп, чемпиондық белбеуін сақтап қалды. Осы кездесуден кейін ол карьерасын аяқтайтынын айтты. Қазіргі уақытта Хабибтің еншісінде аралас жекпе-жекте 29 кездесу бар. Ол барлық кездесуде жеңіске жеткен. Ал UFC ұйымында 13 айқас өткізіп, 13-де қарсыластарынан үстем болған.