UFC сәуір мен мамырдағы төрт турнирді өткізбейтін болды

0
646

18 сәуірде өтуі тиіс UFC 249 турнирі бұған дейін тоқтатылған болатын.


UFC сәуір мен мамырдағы төрт турнирді өткізбейтін болды

ERNUR.KZ. UFC басшылары ресми сайтта 25 сәуірде Линкольнде (АҚШ), 2 мамырда Оклахома-Ситиде (АҚШ), 9 мамырда Сан-Паулода (Бразилия) және 16 мамырда Сан-Диегода (АҚШ) жоспарланған UFC Fight Night және UFC 250 турнирлерінің өтпейтіні туралы баспасөз хабарламасын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

«Осы іс-шараларға билеттерді сатып алған жанкүйерлер бастапқы сатып алу нүктесінде өз қаражаттарын қайтып ала алады. Интернетте немесе телефон арқылы сатып алынған билеттер автоматты түрде қайтарылады», - делінген хабарламада.

18 сәуірде өтуі тиіс UFC 249 турнирі бұған дейін тоқтатылған болатын. Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік UFC жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон төбелесуі керек еді. Хабиб карантиннің салдарынан Ресейден шыға алмай, турнирге қатысудан бас тартқан еді. Оны Джастин Гэтжи алмастырды.