Үш қазақстандық жас теннисші Тегерандағы турнирдің ширек финалына өтті

0
831

Қазақстандықтар жұптық сында да табысты өнер көрсетіп жатыр.


Үш қазақстандық жас теннисші Тегерандағы турнирдің ширек финалына өтті

ERNUR.KZ. Иран астанасы Тегеранда 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors J100 TEHRAN сериясы бойынша екінші турнир өтіп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Даниал Рахматуллаев (284 ITF Juniors), Данир Қалдыбеков (403 ITF Juniors) және Заңғар Нұрланұлы (637 ITF Juniors) бастапқы кездесулерін сәтті өткізіп, ширек финалға шықты.

Екінші айналымда ресейлік Даниил Рыжинков бәсекені жалғастырудан бас тартқандықтан, жеңіс Д. Қалдыбековке берілді.

З. Нұрланұлы түркиялық Чем Кучухусейннен басым түсті – 6:4, 7:6. Ал, Д. тағы бір түркиялық Мелих Анаватанды бет қаратпай ұтты – 6:0, 6:0.

Қазақстандықтар жұптық сында да табысты өнер көрсетіп жатыр. Жақас Қозыбақ, Заңғар Нұрланұлы, Данир Қалдыбеков және Даниал Рахматуллаев жартылай финалға өтті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда Юлия Путинцеваның қарсыласына жол бергенін жазған болатынбыз.

Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты.

Сондай-ақ, Уимблдонда Елена Рыбакинаның екінші қарсыласы анықталды.