ҮШІНШІ ҚОЛА: Зүлфия Чиншанло Токио олимпиадасында үздік үштікке енді

0
549

Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні бағындырды.


ҮШІНШІ ҚОЛА: Зүлфия Чиншанло Токио олимпиадасында үздік үштікке енді

ERNUR.KZ. Токио Олимпиадасында ауыр атлетикадан әйеллдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Қазақстандық Зүлфия Чиншанло қола медаль жеңіп алды деп жазады olympic.kz.

Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні бағындырды. Ол жұлқа көтеруде 90, серпе көтеуде 123 келіні көтерді.

Бұл салмақта алтын медальді Филиппин өкілі Хидилин Диас (224 келі) еншілесе, күмісті қытайлық Ляо Кюн (223 келі) иеленді.

Осылайша, Токио Олимпиадасына аттанған екі зілтеміршіміз де қола медаль тағынды.

Жалпы есебі Қазақстанда үш қола бар. Бұған дейін Елдос Сметов (дзюдо) пен Игорь Сон (ауыр атлетика) үздіктер қатарынан көрінген болатын.