Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

0
1 109

​Қазақстандық танымал боксшы, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов танымал британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа қол қойып, командасына қосылды, - деп хабарлайды massaget.kz.


Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық танымал боксшы, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов танымал британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа қол қойып, командасына қосылды, - деп хабарлайды massaget.kz.

Әуесқой бокста талай жетістікке қол жеткізген Данияр кәсіпқой боксқа қадам басты. Спортшының кәсіпқой боксқа ауысатыны өткен жылы айтылған. Келісімшартқа қол қойғаны да хабарланған. Кейіннен боксшы әуесқой бокста қалатынын айтып, ұлттық құрамаға оралған-ды. Жақында қайта белгілі болғандай, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокс жолын біржола таңдаған.