Қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінің жартылай финалында 7:6, 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.
ERNUR.KZ Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева испаниялық теннисші Ребека Масаровадан жеңіліп қалды, деп жазады Zakon.kz .
Қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінің жартылай финалында 7:6, 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.
Матч 2 сағат 11 минутқа созылды. Путинцева ойын кезінде бірде-бір эйс жасай алмады, үш қос қателік жіберді. Қазақстандық теннисші алты ұпай мен екі геймді қатар жеңгенімен, соңында бәрібір ұтылып қалды.
Ребека Масарова іріктеу кезеңінің финалына шығып, ұлыбританиялық теннисші Хитер Уотсонмен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, Юлия Путинцева бұған дейін Таиландтағы WTA 250 турнирінің ширек финалында жеңіліп қалған еді.