Юлия Путинцева Хобарт турнирінің ширек финалына шықты

0
675

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен бақ сынасты.


Юлия Путинцева Хобарт турнирінің ширек финалына шықты

ERNUR.KZ. Қазақстанның екінші, әлемнің 64-ракеткасы Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады inform.kz.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен бақ сынасты.

Бірінші партияда Ю.Путинцева 5:2 есебімен алға кетті. М.Боузкова есепті қысқартқанымен, Юлия есесін жібермеді – 6:4.

Екінші сетте чехиялық спортшы айқын басымдылық танытты – 6:1.

Үшінші, шешуші партияны Ю.Путинцева брейкпен бастағанымен, қарсыласы да қалмай отырды. Есеп 5:3 болып, қазақстандық спортшы матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жібермеді – 6:3.

Екі сағат 17 минутқа созылған тартысты матчта Юлия 17 брейк-пойнттың тек бесеуін пайдаланды. М.Боузкова 2 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 73-сатыдағы қытайлық Юэ Юаньмен шеберлік таластырады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик 21 эйс жасап, Аделаиде турнирінің ширек финалына өтті.

Елена Рыбакина Аустралиядағы тағы бір ірі жарысты сәтті бастады.