Тұраровтың қарсыласы 33 жастағы мексикалық боксшы Алехандро Менесес болды.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды, деп жазады zakon.kz.
Жекпе-жек Алматыда өтті, ал Тұраровтың қарсыласы 33 жастағы мексикалық боксшы Алехандро Менесес болды.
Жекпе-жек оныншы раундта тоқтатылды. Менесестің көзінен қан кетіп, осы кезде оның командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, 32 жастағы Тұраров кәсіби карьерасындағы 27-жеңісіне жетіп, жаңа әлем чемпионы атанды.