Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан бір күміс жеңіп алды

0
441

Фаина Мейірманова биіктікке секіруде 1 метр 76 сантиметрді еңсеріп, екінші орын алды.


Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан бір күміс жеңіп алды

ERNUR.KZ. Дубайда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан бір күміс иеленді, деп жазады vesti.kz.

Фаина Мейірманова биіктікке секіруде 1 метр 76 сантиметрді еңсеріп, екінші орын алды. Сондай-ақ, ол өзінің жеке рекордын жаңартты.

Еске салайық, жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі 24-27 сәуір аралығы өтеді. Жарысқа 30-дан аса елден спортшылар қатысып жатыр. Ал Қазақстан құрлықтық турнирге 42 спортшы жіберді.