Сариев EFC ұйымымен төрт кездесуге келісімшарт жасады.
ERNUR.KZ. Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Руслан Сариев (12-0) Eagle Fighting Championship ұйымымен келісімшарт жасасты, деп жазады Тengrinews.kz.
Бұл промоушеннің иесі - жеңіл салмақта UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов. Сариев EFC ұйымымен төрт кездесуге келісімшарт жасапты.
Айта кетейік, Сариев келесі кездесуін 22 ақпанда Мәскеуде өткізеді. Оның қарсыласы - Мансур Малачиев (8-0). Бұл жекпе-жекте жеңіл салмақта EFC ұйымының чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.
Еске салайық, бұған дейін EFC лигасымен Жасұлан Әкімжан (5-2) деген отандасымыз келісімшарт жасасқан еді.