Қазақстандық теннисші үндістандық Анкита Раинамен бірге жұптық сында жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Жібек Құламбаева Гургаон (Үндістан) ITF турнирін жеңіспен бастады, деп жазады inbusiness.kz.
Ж.Құламбаева – А.Раина бастапқы кездесуінде үндістандық Зеел Десай – жапониялық Ринон Окувакидің мысын басып, ширек финалға шықты – 2:6, 6:3, 11:9.
Қазақстандық-үндістандық жұп жартылай финалға шығу үшін жапониялықтар Акико Омаэ – Икуми Ямадзакимен таласады.
Әлемнің 493-ракеткасы Жібек Құламбаева жекелей сындағы бәсекесін де сәтті өткізді. Ол дүниежүзілік рейтингіде 951-орында тұрған үндістандық Хумера Бахармусты ойсырата ұтты – 6:1, 6:0.
Жібек екінші айналымда рейтингіде 1001-сатыдағы жапониялық Ринон Окувакимен сынға түседі. Оны ұтса, ширек финалға өтеді.