Кездесу Санкт-Петербургте өтті.
ERNUR.KZ. РПЛ аясындағы Ресей кубогы финалының қарымта матчында ЦСКА қақпашысы Владислав Тороптың "Зенит" футболшысы Нұралы Әліппен соқтығысуы салдарынан беті жарақаттанды, деп жазады inbusiness.kz.
Кездесу Санкт-Петербургте өтті. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Жарты сағаттық ойыннан кейін әуелете асырылған допқа Әліп Тороппен таласып, қақпашының мұрнына қазақстандық футболшының желкесі тиді. Нәтижесінде ЦСКА қақпашысының мұрны сынып, қан кетті.
Соның салдарынан Тороп матчты жалғастыра алмай, оны алаңнан электромобильмен алып кетті. Оның орнына 19 жастағы қақпашы Владимир Шайхутдинов ЦСКА сапында дебют жасады. Оқиға кездесудің 36-минутында орын алды. Ал Нұралы Әліп ойынды одан әрі жалғастырды.
ЦСКА – "Зенит" кездесуінің жеңімпазы финалда Калининградтың "Балтикасымен" сынға түседі. Әліптің бұл кубокта 10 матчқа қатысқанын да айта кетейік.