«Реал» футбол клубын кешеге дейін даңқты бапкер Зинедин Зидан жаттықтырып келген болатын.
ERNUR.KZ.Футболдан Ресейде өтетін әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін мадридтік «Реал» ойыншыларын испандық маман Хулен Лопетеги жаттықтыратын болады. Бұл туралы корольдік клубтың ресми сайтында хабарланған.
Қазіргі таңда Лопетеги Испания ұлттық құрамасын жаттықтырып жүр. Олар санаулы күндерден кейін басталатын әлем біріншілігіне қызу дайындалуда. Испандық маман аталған қызметке 2016 жылы тағайындалған болатын.
Еске салайық, «Реал» футбол клубын кешеге дейін даңқты бапкер Зинедин Зидан жаттықтырып келген болатын. 31 мамыр күні ол отставкаға кететінін мәлімдеді. Француз маманымен мадридтік команда Еуропа чемпиондар лигасын үш жыл қатарынан жеңіп алды.
Испандық AS басылымының мәліметінше, Зиданның клубтан кетуіне Криштиану Роналду мен Гарет Бэйлдің келісімшартына қатысты дау себеп болған. Сондай-ақ, бас бапкердің клуб президенті Флорентино Переспен арақатынасына сызат түскені де айтылуда.
Дереккөз: sn.kz сайты.