​БАЛАЛАРға арналған кремді ЕРЕСЕКтерге қолдануға бола ма?

0
3 315

Құрамы қарапайым болғанымен, қарсы көрсетілімдері де бар


​БАЛАЛАРға арналған кремді ЕРЕСЕКтерге қолдануға бола ма?

Кез келген балалар кремін зиянсыз деп ойлаймыз көпшілігіміз. Сондықтан, балаларға арналған кремді қолданудан еш қысылмаймыз.

Рас, балалар кремі қарапайым заттардан тұрады және балалар мен үлкендер үшін зиянсыз деген түсінік көпшілігімізде бар.

Дегенмен, барлық балалар кремінің өзіндік ерекшеліктері бар. Құрамы бойынша балалар терісіне арналғандықтан, ол ересектер үшін тиімсіз. Тіпті кейбіреулер үшін жарамсыз.

Кез келген балалар кремінің өзі «нәрестелер үшін», «мектеп жасына дейінгі балалар үшін» деген секілді балалардың да жас ерекшеліктеріне қарай қолданылады.

Балалар кремінің артықшылығы- химиялық компонетттердің өте аз мөлшерде болуы немесе мүлдем болмауы.


ҚАРСЫ көрсетілімдері бар

Балаларға арналғандықтан, тек бала терісі үшін тиімді. Ал ересектерге ұдайы балаларға арналған кремді қолдану теріде аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.


фото: vsehoztovari.ru

Ересектерге ПАЙДАСЫ

Сонымен қатар, балалар кремінің тұрақты қолданушысы болсаңыз, баса назар аударуыңыз қажет жағдай бар.

Кез келген балалар кремі жарамды деп ойламаңыз, құрамында F және A дәрумендері бар кремді пайдалансаңыз, ұсақ әжімдердің алдын алады. Майлы балалар кремі күзгі салқын мен, қыстың ызғарлы, аязды күндеріндетаптырмас көмекші құрал.

Далаға шығар алдында балаларға арналған кремді жағып шықсаңыз, теріңізді суық пен желден қорғайды.


Жиі тұтынылатын...

Ең көп тараған нұсқалары негізінен бүлдіршіндерге арналған глицерин мен ланолин. Глицеринді табу оңай және ересектер үшін де өте қажет. Ал, ланолин теріні тығыз қорғайды, сондықтан, оған деген тәуелділік басым. Сондықтан, ланолинді жиі пайдалану түрлі проблемаларды туындатуы мүмкін.

Ланолин бет-әлпетіңізді бұзады, бұл терінің тыныс алуын болдырмайды. Сол себепті терінің құрғауы, безеулердің пайда болуы мәселесімен бетпе-бет келесіз.

Бұл балаларға қажет. Себебі олардың терісі өте нәзік және қоршаған ортаның түрлі әсерлерінен қорғау үшін міндетті түрде балаға қолдану керек.


фото: poliart.pro

Қалай таңдау керек?

Қазір түрлі косметика өндіруші фирмалардың жарнамасынан көз сүрінеді. «Балаларға арналған ең үздік крем!» деген сөз тауар өндірушілерінің ұранына айналған.

Әрине сыртқы пішіні мен жарнаманың жарқылына емес, сапасына көңіл аудару керек. Ал сапаны анықтау үшін, теріге қалай әсер ететінін білу үшін оның құрамымен толық танысу керек. Немесе теріге сынамасын (проба) алып көріңіз.


Байқап көріңіз...

Балаларға арналған кремнің орнына жүзім дәнінің майы, авокадо майы, бадам майы секілді хош иісті майларды зәйтүн немесе зығыр майымен бірдей мөлшерде араластырып өзіңіз үшін арнайы крем дайындап алуыңызға болады.

Эфир майларының әрқайсысындағы дәрумендер мен қоректік қоспалар араласқанда терінің жақсаруына ықпал ете алады.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Майлы бетке де «май» жағып тұру қажет

ЕРІНге арналған БАЛЬЗАМды сұлулық үшін 7 ТҮРЛІ мақсатқа пайдаланамыз