​БЕТ терісі МАЙЛЫ болса, күнделікті күтімді ДҰРЫС жасау керек

0
4 612

Бетіңіз үнемі жылтырап жүре ме?


​БЕТ терісі МАЙЛЫ болса, күнделікті күтімді ДҰРЫС жасау керек

фото: yarkb10.ru

Тері үш типке бөлінеді, терінің күйіне байланысты әртүрлі күтім қажет болатынын да жақсы екені белгілі. Алайда, күтімді қалай жасап жүрсіз, ол да маңызды.

Қанша күтім жасап жүрсеңіз де, теріңіз үнемі майланып жылтырап тұрады ма? Макияжды да күн сайын жасай алмай, жасаған күннің өзінде бетіңізде ұзақ тұрмай, бір-екі сағаттан соң «ағып» кете берсе, бұл терінің майлылығының белгісі. Тері тесіктері де айқын көрініп, үлкейіп кеткенін байқасаңыз да, бұл бет терісінің майлылығын білдіреді.

Алдымен терінің қандай себептерден майланатынын анықтап алайық:


Гормондар

Дәл осы гормондардың әсерінен май бездері белсенді жұмыс жасай бастайды да жасөспірімдерде безеулер пайда болады. Гормоналды фон тұрақтаған кезде май бездері жұмысы да қалпына келеді

КҮЙЗЕЛІС

Адам үнемі уайым-қайғы үстінде жүрсе, стресс гормоны кортизол пайда болады. Кортизол болса май бездеріне себум көбірек бөлсін деген сигнал беретін молекулалардың көбеюіне ықпал етеді

Дұрыс тамақтанбау

Бәрі білетіндей, майлы, ащы, тәтті тағамдарды көп тұтыну жақсылыққа әкелмейді. Ол бет майлануына да әсер етеді екен


фото: mysekret.ru

Дұрыс күтім жасамау

Күтім жасаудағы қателіктердің ең негізгі үш түрі бар.

Агрессивті тазалау

Қайта қайта бетті жуу және жуу құралын дұрыс таңдамау. Майлылықты кетіру үшін кейбір арулар ысқылап бетті жуып тастайды, салдарынан терінің гидролипидті қабаты зақымданып оны қалпына келтіру үшін тері себум майды белсенді шығара бастайды

Теріні ылғалдандырмау

Майлы тері үшін де ылғандандыру өте маңызды. Майлы теріні жиі тазалап, аз ылғалдандыру керек деп санау үлкен қателік. Керісінше, арнайы ылғалдандыратын өнімдер қабынумен күресуге және комедондарға қарсы тұруға көмектеседі. Оларға белсенді компоненттер көмектеседі: мырыш, эноксолон, гиалурон қышқылы, түймедақ сығындысы, алоэ вера. С және Е витаминдері теріңізді бос радикалдардан қорғайды, зақымдануды және ерте қартаюды бейтараптандырады.

Өнімді күніне 2 рет жұқа қабатпен жағыңыз, бетіңізді саусақ ұшымен күш салмай аздап уқалаңыз.


Құрамында спирті бар косметика қолдану

Теріні құрғату керек деген оймен арулар спирт қолданып теріні зақымдап алады да керісінше зақымданған тері өзіне көмектесу үшін майды шығара бастайды.
Майлы теріге күтім жасағанда кем дегенде теріні проблемалы қылып алмау керек, яғни бөртпелер мен қара дақтардан сақтауға тырысу керек. Ал идеалды нұсқада теріні аралас типке жақындатып сол күйді ұстап тұру керек. Ол үшін:
*Бетті күніне екі рет, теріні құрғатып жібермейтін жұмсақ жуу құралымен жуу керек.
*Құрамында спирт жоқ тониктер пайдаланған дұрыс
*Теріні дәруменге бай сарысумен (сыворотка) ылғалдандыру керек. Ретинол немесе С дәрумені бар сарысу қажет
*Жеңіл текстуралы жұмсақ кремдер қолданған дұрыс
*Аптасына 1 рет жұмсақ скрабпен тазалау жасап, минералды маскалар қолданған жөн
*Күтім косметикасын таңдауда құрамында салицил қышқылы, кремний минералы, каолин балшығы, цинк, полифенол, С және Е дәрумендері, гиалурон қышқылы, алоэ вера бар құралдарды қарастыруға болады

*Түнгі крем немесе жуылмайтын маска көмегімен теріні ылғалдандыру және гидролипидтік балансты сақтау


ТҮНГІ КҮТІМ маңызды

Себебі, қабынуға қарсы препараттар мен дәрумендерге бай сарысудың пайдасы артады. Ұйқы кезінде тері жасушаларының жаңаруы орын алғандықтан, түнде күтім жасау нәтижелі болмақ. Егер майлы тері үнемі сапалы күтім (тазарту, түлету, сергіту, ылғалдандыру) көрсе, онда ол күйзеліс сезімінен біртіндеп арыла бастайды. Май бездері себумның бөлінуін азайтады және бет терісінің сыртқы күйі эстетикалық көрінеді.

Дайын өнімдерден басқа, үй жағдайында жасалған тоникті де қосымша қолданыңыз. Оны жасау да қиын емес. Ол үшін 2 ас қасық түймедақты металл ыдысқа салып, үстінен 0,5 л су құйыңыз да орташа отта қайнатыңыз. Қайнаған соң, отты бәсеңдетіп, ыдыстың қақпағын жауып, 30 минут тағы да қайнатыңыз. Содан кейін сұйықтықты сүзіп алып, мұз қалыптарына құйып, мұздатқышта сақтаңыз. Қарапайым болғанымен, өте пайдалы және тиімді тоник.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Фонофорез - ЖАСАРУдың ең тиімді ҚҰРАЛЫ

Күнге күйген теріге КҮРІШтен жасалған ТОНИК көмектеседі