​БЕТІ "ЖЫЛТЫР" қыздар НЕ ЖЕЙДІ?

0
4 457

Бетіңіз жылтырап тұру үшін МЫНА жемістер көмек береді


​БЕТІ

Кейбір қыз-келіншектердің бет терісінің ерекше әдемілігіне қарап, «қанша күтім жасап, бетімді тазартып жүрсем де менің бетім бұлай жылтырамайды» деп аздап көңіл-күйіңіздің бұзылған кезі болды ма?

Әдемілікке қарап көз тойып, қызыққаныңызбен, «менің де бетім осылай нұр шашып, жылтырап тұрса екен» деп армандамайтын ару жоқ шығар. Сондықтан жылтырап тұратын бет терісінің құпиясын бүгін ашамыз.

Теріңіз құрғақ немесе майлы, безеу мен қара дақ келбетіңізге сын келтіріп тұратын болса, онда ұндырғаңызды түсірмеңіз, сіздің де өз-өзіңізді қолға алып, бет терісінің әдемілігі үшін күресуіңізге мүмкіндігіңіз мол.

Қазір жаз мезгілі болғандықтан, дененің ашық жүретін бөліктерін, әсіресе бет пен қолды күннің ультракүлгін сәулесінен барынша қорғап жүреміз. Теріні қорғаудан бөлек, күнделікті күтімнен бөлек тамақтану тәртібіңізге де өзгерістер енгізсеңіз, теріңіздің нұр шашып, әдемі боларына сеніңіз!


Қыздар беттерін жылтырату үшін не жейді? Көптеген қыз-келіншектерді осы сұрақ мазалаған шығар.

Ендеше бет терісінің типін анықтап, соған сай күтімдер жасаумен бірге дәрумендерге толы жеміс-жидектерді тұтынуды қатар алып жүріңіз. Қазір жаз мезгілі, жеміс-жидектер тапшы емес, бар кезінде үлгеріп, пайдаланып қалыңыз.


Мысалы, ҚАРАЖИДЕКтің құрамында көптеген антиоксиданттар бар, ал АНАРдың сепкілді азайтуға әсері бар.


Асқабақ дәні немесе басқа да дәнектер пайдалы әрі тойымды. Таңғы, түскі, кешкі ас арасындағы тіскебасарға жаныңызға алып жүргенге де ыңғайлы. Дәндердің құрамында В дәрумені өте көп, цинк, темір, фтор басқа да пайдалы дәрумендердің жиынтығы бола алатын дәнектердің кем дегенде күніне 3-4 талын жеу бетіңіздің терісін құлпырта түседі.


Авокадо жемісін кез келген уақытта азық-түлік дүкендерінен немесе базарлардан табуға болады. Дегенмен мұның бағасы қалтаңызға салмақ түсірмесе бұл жемістің құрамында теріге өте қажетті коллагенге бай.


Зәйтүн майының да қолданылу аясы өте кең. Құрамындағы Е дәруменімен танымал. Мұны бет терісінің жылтырлығы үшін ішке қабылдау да, терінің сыртқы қабаты үшін маска жасау да өз нәтижесін береді.


Көк шайды күнделікті тұтыну теріні жасартады. Құрамы антиоксиданттарға бай, стрессті азайтады, теріні сергітеді.


Киви мен қызыл бұрыш. С дәруменіне бай бұл жеміс пен көкөністің тері саулығы үшін пайдасы ұшан-теңіз.


Куркума ұнтағын қазір кез келген азық-түлік дүкендерінен оңай таба аласыз және өте арзан тұрады. Бұл ұнтақ терінің серпімділігін арттып, жастықты ұзақ сақтауға көмектеседі.

Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Оқи отырыңыз:


ШАШТЫ БОЯМАЙ тұрып "АНТИГИСТАМИН" ішу керек - колорист маман кеңес берді


МИЦЕЛЛЯРЛЫҚ СУдың қандай пайдасы бар