​БОТОКСке ақша жұмсағанша қолдан МАСКА жасаңыз

0
3 641

Ол үшін сізге бал, кастор майы, вазелин және йод қана қажет.


​БОТОКСке ақша жұмсағанша қолдан МАСКА жасаңыз

БОТОКСпен тең МАСКАлар

Айнадан бетіңіздегі ұсақ немесе қатпарлы әжімдердің пайда болғанын көріп, «Не істесем болады?» деп ойланып жүрсіз бе? Ботокс жасатуды да бір сәт ойлаған боларсыз?!


Әрине, ботокс жасатқыңыз келгенімен, айналаңыздағы адамдардың «Бұлшықеттерің кейін соған үйреніп қалады. Сосын әр алты ай сайын ине салдырып тұруға мәжбүр боласың» деген сөздерінен қорқақтайтыныңыз анық. Уайымдамаңыз, нәтижесі ботокстан кем түспейтін зиянсыз маскалар бар. Оны әркім үй жағдайында өзі-ақ жасай алады.


Алдымен жұмыртқадан дайындалатын маскамен танысыңыз

Дүкеннен 1 дана жұмыртқа мен крахмал ұнтағын сатып алыңыз. Жұмыртқаның ақуызын бөліп алып, оған 2 шай қасық крахмал ұнтағын қосыңыз. Жақсылап араластырыңыз. Біртектес боп араласқан қоспаны макияждан тазартылған бет терісіне асықпай жағып шығыңыз. Егер, мойын мен қол терісінде де әжім қатпарлары болса, дененің бұл бөліктеріне де жағуыңызға болады.

Масканы қолыңызбен ұстап көріңіз, құрғай бастаса үстінен тағы да жағыңыз. Тағы да біраз минуттан соң үшінше қабат жағасыз. Үшінші рет қабаттап жаққан маска құрғағаннан кейін жылы сумен жуыңыз.



Әжімді азайтып, теріні тартатын МАСКА

Ол үшін сізге 1 ас қасық бал, 1 ас қасық кастор майы, 1 шай қасық вазелин және 1-2 тамшы йод қажет.

Ыдысқа алдымен йодты тамызыңыз. Сосын 1 ас қасық бал, 1 ас қасық кастор майы, 1 шай қасық вазелинді қосып араластырыңыз. Бет терісіне жағып, 2 сағаттан соң жылы сумен жуыңыз. Аптасына 2-3 рет (2 сағаттан) осы масканы қолдануды қолға алсаңыз, теріңіз тартылып, тіпті кейбір пигментті дақтар да өздігінен жоғалып, 10-15 жылға жасарасыз.

Дәріханаларда спирулина деп аталатын дәрмек сатылады. Ол – микробалдыр. Осы бір дәрмек терінің дәнекер ұлпаларын біріктіретін ақуыз – коллагеннің жұмысын жақсартады. Ал коллаген – терінің созылмалылығы мен серпімділігі үшін жауап беретінін жақсы білсеңіз керек.

Терідегі әжімдер ағзада коллагеннің төмендегенін білдіреді. Демек, коллагеннің мөлшерін арттыру қажет. Ол үшін микробалдыр қосылған масканы пайдаланыңыз.



МИКРОБАЛДЫР қосылған МАСКА

Қажеттілер: 2 шай қасық желатин, 4 таблетка спирулина, 0,5 шай қасық лимон сөлі, 2 тамшы сұйық А дәрумені.

¼ стакан қайнаған ыстық суға 2 шай қасық желатинді салып 30 минут шетке ысырып қойыңыз. Ол қопсып көпіршігенше бөлек ыдысқа 2 ас қасық су құйып оған 4 таблетка спирулинаны салып езіңіз. Лимон сөлі мен А дәруменін қосып араластырыңыз. Сосын қопсыған желатинді қосасыз. Ол үшін желатин қоспасын су ваннасында сәл жылытып алуды ұмытпаңыз.

Көзге жақындатпастан терінің әжімдене бастаған бөліктеріне жағып, 15 минуттан соң жылы сумен жуып тазалаңыз.

Ескертетін жайт, әжімдерді тегістейтін мұндай маскаларды теріге жаққаннан бастап оны жуғанша ешкіммен сөйлеспеңіз және бет бұлшықеттерінің мимикалық қимылдар жасауына да жол бермеуге тырысыңыз.

Дайындаған: Г. ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ҚОЛТЫҚ пен ШАП аймағындағы түктерден ОҢАЙ арылуға болады


Шығыс әйелдерінің ӘДЕМІ болудағы 7 құпиясы