ДӨҢГЕЛЕК жүзділерге МЫНА ҚҰПИЯЛАРды білген жөн

0
3 205

Дөңгелек жүзді ару болсаңыз...


ДӨҢГЕЛЕК жүзділерге МЫНА ҚҰПИЯЛАРды білген жөн

Бет пішіні дөңгелек болатын, кішкене артық салмақ жинағанда беті дөңгелене түсетін қыз-келіншектер қатарында болсаңыз, бір қарағанда бетті «созып» көрсететін құпияларды біле жүріңіз.


Ұзын сырға
Ұзын, үлкен сырғалар назарды өзіне аудартып, толық бетті жасырады. Алайда, дөңгелек, үлкен сақина пішінді сырғалардан абай болыңыз, себебі ол бетіңізді одан әрі үлкен етіп көрсетеді.

Шашты «көтеру»

Шашыңызды тарап, бастың төбесіне көлем беріңіз. Ол үшін төбе шашты өсу бағытына қарсы тарап жинау керек. Шаштың ұштары түзу болғаны дұрыс. Шаштың ұзын болғаны да бетіңізді сопақ етіп көрсетеді. Сондықтан дөңгелек бетті арулар қысқа шаш сәндерінен бас тартқаны дұрыс.


Бет пішінін келтіру
Яғни, бетіңізге макияж жасағанда, бояу тәсілін де біле жүріңіз. Өзіңіздің табиғи тері түсіңізден бір реңкке күңгірт, бұлыңғыр опа сатып алыңыз. Оны жұқа қабатпен иекке, мұрынның шеттеріне және самайға жағыңыз. Осылайша беттің пішінін өзгерте аласыз.

Қабақ үстіне сызық жүргізу

Бұл кез-келген нәзікжандаларға жараса бермеуі мүмкін. Бұл көздің пішініне байланысты және бет пішініне де қатысты. Егер дөңгелек жүзді болсаңыз, қабақ үстіне қиық (стрелка) сызыңыз. Себебі бұл кірпіктерді ұзын етіп көрсетеді. Стрелка салу арқылы сіз томпақ беттеріңізден көңілді кірпіктері ұзын, әдемі көздерге аудара аласыз.

(суреттер ашық дереккөздер алынды)


РУМЯНА жағу

Бетті созып көрсету үшін румяна қолдану керек. Беттің жоғарғы жағына хайлайтер немесе ашық түсті опа, астыңғы жағына бронзант немесе күңгірт опа жағып, екі түстің бір-біріне өтуін байқалмастай қылып жаққышпен өңдеңіз. Бұл әдіс арқылы бет пішіні өзгеріп, созыла түседі.


Қас пішінін жөндеңіз
Қастарыңыздың иілуін сүйір әрі көтеріңкі етіп жасап көріңіз. Ол үшін бірқалыпты пішінін келтіріп, қарындашпен түзетіп отырыңыз. Иілген қас бетті бір қарағанда созады.


Шашыңызды омбре әдісімен бояңыз
Шашыңызды бояп үйренсеңіз, келесіде омбре әдісін қолданып көріңіз. Яғни, иектен бастап шашыңыз күңгірт түстерден ашық түстерге өтуі керек.


Шаш түсін өзгертіңіз
Шаш түсіне тағы да келетін болсақ, бетіңіздің томпақтығын жасыру үшін шашыңызды күңгірттеу, қара түстерге бояған жөн. Ал беттің маңындағы шаштарды қалған шаштан да күңгірттеу түске бояуға болады.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


БЕТ терісі МАЙЛЫ болса, күнделікті күтімді ДҰРЫС жасау керек


Фонофорез - ЖАСАРУдың ең тиімді ҚҰРАЛЫ