​ЕРІНге арналған БАЛЬЗАМды сұлулық үшін 7 ТҮРЛІ мақсатқа пайдаланамыз

0
3 132

7 түрлі мақсатқа пайдалануға болады екен.


​ЕРІНге арналған БАЛЬЗАМды сұлулық үшін 7 ТҮРЛІ мақсатқа пайдаланамыз

Негізінен барлық косметика көп функциялы. Яғни, кез келген косметика түрін тікелей мақсаттан басқа да қажеттіліктер үшін қолдануға болады.

Соның ішінде ерін бальзамына арнайы тоқталып өтейік.


КУТИКУЛА құралы ретінде...

Ерінге арналған бальзамдардың көпшілігінде негізгі компонент-эфир майлары. Осы эфир май теріні керемет жұмсартады, ылғалдандырады және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды.

Яғни, ерін бальзамы кутикуланы жұмсартатын өнімнің орнын оңай алмастыра алады. Бальзамды тырнақ айналасындағы «теріге» жағып болған соң, жеңіл массаж қозғалыстарымен ысқылаңыз. 5-7 минутқа қалдырыңыз, содан кейін кутикуланы арнайы құралдармен (тырнақ қыстырғыштарымен) алыңыз.


Жарықтандырғыш (хайлайтер) ретінде

Терінің «ылғалды» әсерін жасау үшін сіз оны тек жарықтандырғыштың көмегімен ғана жасай алмайсыз. Бүгінгі күнде сәнде болған макияж көрінісін жасау үшін алдымен кәдімгі макияж жасаңыз, содан кейін саусақ ұштарымен беттің ұшына аймағына аздап бальзам жағыңыз.


Парфюмерлік фиксатор ретінде

Ерінге арналған бальзамдар әдетте әлсіз иісті болады. Бұрқырап хош иіс шықпайды, сезілер-сезілмес иісті болады. Соған қарамастан, ерін бальзамының құрамындағы майлардың көп болуына байланысты олар парфюмнің беріктігін ұзартуға көмектеседі. Иіссу себер алдын ерінге арналған бальзамды білекке, құлақтың артына және зигоматикалық сүйектер аймағына аздап жағып, үстінен иіссу себетін болсаңыз, хош иіс ұзақ уақыт бойы кетпейді.


Өкше және шынтаққа арналған крем ретінде

Көбінесе шынтақтың бүгілетін аймағының терісі басқа аймаққа қарағанда қатқылдау болып келеді.

Соның әсерінен жиі қабыршақтанып, көзге сүйкімсіз көрінетін жағдайлар да болып тұрады. Бұл мәселені шешу үшін де осы ерінге арналған бальзамды қолдансаңыз болады.


(фото: ашық дереккөздерден алынды)


Тері күлдіреуіне қарсы құрал ретінде

Көп жағдайда өкше аймағының күлдіреуі жаңа аяқ киім кигенде пайда болады. Әсіресе күздік аяқ киімдерден сірі аумағы күлдіреп, тері мен аяқ киім жанасуынан қажалып, тері арасына су жиналып қалады.

Бұл қолайсыздықты тудырмас үшін өкше жағыңызға аздап ерін бальзамын жағып жүріңіз.


Сызаттарға қарсы құрал ретінде

Барлық ерін бальзамдарында өндірушілер микрокректерді тез жеңуге көмектесетін, жараларды емдейтін компоненттерді ұсынады. Егер теріңіз аздап зақымданып, «сырып-жырып» алсаңыз, сол орынға бальзам алғашқы көмекке келеді. Жалпы жара орнының тезірек жазылуына көмектеседі.


Қас ұстағыш (фиксатор) ретінде

Егер қасыңызды бояған соң, ұқыпты көрінгенін қаласаңыз, ол үшін стик түріндегі қатты бальзам жақсырақ. Кәдімгі қас макияжын жасап болған соң, ерінге арналған бальзамды жағып қойыңыз. Оның «қызметі»- қас бояуын жақсы бекітеді. Осыдан кейін қасыңыз ұқыпты көрінеді, талғампаз екеніңізді айқындайды.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


СӘН-2021: Биыл КҮЗДЕ қандай КИІМДЕР трендте?


ҰЛУ арқылы СҰЛУ болу шындық па әлде аңыз ба?