​Кеудеңізге сәйкес ТӨСТАРТҚЫШты дұрыс таңдай аласыз ба?

0
3 510

Дұрыс таңдалған төстартқыш сізге ешқашан жайсыздықтар тудырмайды және денсаулығыңызға да зақым келтірмейді.


​Кеудеңізге сәйкес ТӨСТАРТҚЫШты дұрыс таңдай аласыз ба?

Сіздің де білмеуіңіз мүмкін, өйткені, қыз-келіншектердің көпшілігі «Төстарқышты дұрыс таңдап жүрмін бе?» «Бұл менің өлшемім бе?» деп өзіне артық сұрақ қойып та жатпайды.

Көз мөлшерімен немесе киімінің сыртынан ғана өлшеп алынған төстартқыштың кейде денеге жайлы бола бермейтіні бар.

Сапалы мен сапасыздығы өз алдына, дұрыс таңдалмаған төстарқыштың денеге жанасқанда тудыратын қолайсыздықтары, тіпті, аллергия тудыруы да ғажап емес. Мұның салдарын болдырмас үшін, киімнің (төстарқыштың) жайлылығын сезіну үшін не істеу керек?


Іш киімді таңдау үшін...

Сіз біршама мәселені түсініп, білуіңіз тиіс дүниелер бар.

Олар:

*Өз мөлшеріңізді білуіңіз қажет;

*Дене бітіміңіздің құрылымы тұрғысынан оның моделі жайында білу керек;

*Ыңғайлы болу үшін қай түрі сәйкес келеді?

Енді рет-ретімен есіңізде сақтаңыз, өйткені, дұрыс таңдалған төстартқыш сізге ешқашан жайсыздықтар тудырмайды және денсаулығыңызға да зақым келтірмейді.

Бірінші қадам: Өлшемді анықтау

Таңдау дұрыс болуы үшін сіз өзіңіздің мөлшеріңізді білуіңіз керек. Өлшеміңізді анықтау үшін төменде келтірілген кестеге қараңыз.

Төстартқыштың өлшемі 2 көрсеткішпен анықталады. Кеуде астындағы кеуде қуысы (тартпасы) және кеуде шеңбері (чашка).

Мысалы, егер кеуде шеңберін өлшеу кезінде сіздің диапазоныңыз 63-67 болса, онда өлшеміңіз 65 болады.


Екінші қадам: Кеуде пішіні моделін таңдау

Әрбір әйел кеудесіне сай төстартқыштың қандай түрі оның табиғи сұлулығын күшейтетінін және визуалды пропорцияларды дұрыс жасайтынын білуі керек.

Өйткені, төстартқыштың өлшемі, тостағаны (чашка) мен айналдыра шеңбердің (тартпабауы) өлшеміне сай кеудеңіздің толық өлшемін құрастыру қажет болғанда қиналмай таңдай аласыз.

Төстартқышты сатып алғанда, оны кішкене диапазондағы өлшемді түзету және жүктемені дұрыс бөлу арқылы реттеуге болатындығын ұмытпаңыз.

Ол үшін сатып алар кезіңізде, төстартқыштың «тартпа бауын» тым қатты бекіту керек, себебі уақыт өте келе ол сәл созылып, үлкен болуы мүмкін. Бұл жағдайда сіз әрқашан қалған қысқыштарды қолдана аласыз.

Екіншіден, «белдіктердің» дұрыс тұрғанына мән беріңіз. Жүктемені реттеу арқылы олардың ұзындығын азайтуға немесе көбейтуге болады. Егер төстартқышты шешкеннен кейін иығыңызда қызыл сызықтар мен таңбалар қалса, бұл сіздің жүктемені дұрыс реттемегеніңізді және дұрыс емес өлшемді таңдағаныңызды білдіреді.

Негізі төстарқыштың он екі негізгі моделі бар. Негізгі және әмбебап деп қарастырайық.

Bra T-shirt

Бұл тегіс трикотажға, сондай-ақ кез-келген кеудеге арналған пішінге өте ыңғайлы, тостағандары қалыпқа құйылғандай, формалы модель, өйткені тостағандары (чашка) өте жоғары және классикалық.

«Балкон» бюстгальтері

Бұл модель кеудені өте жақсы көтереді, бірақ төмендетпейді. Егер сіз әсемдік пен толықтық сезімін жасағыңыз келсе, ұқыпты және миниатюралық кеудеге жарайды.

Bra Plunge

Бұл модельдің міндеті- мойны ашықтау киімді пайдалану кезінде кеудеге барынша қолдау көрсету. Кейде бұл модель кеудеге әсер етеді және қосымша көлем қалыптастырады. Орта және үлкен кеудеге арналған.


«Сүйексіз» бюстгальтер

Көбінесе бұл модельде пішінді белгілейтін құрылымдық тігістер мен ойықтар бар, дөңгелек немесе үшбұрышты. Жалпақ тартпа бауымен, «белдіктермен» толық әйелдерге, толық кеудеге жақсы сәйкес келеді.

«bra ¾» тостаған

Бұл модель кеудеге жақсы қолдау көрсетеді және V немесе U мойны бар киімге арналған. Алайда, үлкен кеуде үшін бұл модель әрдайым қолайлы емес, өйткені көлбеу кезінде кеуде түсіп кетуі мүмкін.

Bra push-up

Бұл модельдің міндеті-сиқырлы әсер жасау үшін кеудені көтеру және аздап азайту. Бұл модель миниатюралық кеудеге өте ыңғайлы.

Multiway бюстгальтері

Керемет трансформатор моделі, ол сізге әдемілік сыйлай алады және бір иыққа арналған белдіктері бар. Орташа кеудеге жақсы сәйкес келеді.

1-кесте: Бра (бюстгальтер) мөлшері

Сол жақтағы сан-бұл өлшем, ал оң жақтағы сандар-кеуде астындағы сантиметр.

65 — 63-67

70 — 68-72

75 — 73-77

80 — 78-82

85 — 83-87

90 — 88-92

95 — 93-97

100 — 98-102

105 — 103-107

110 — 108-112

115 — 113-117

120 — 118-122

2-кесте: Тостаған (чашка) мөлшері

Сол жақтағы әріптер-бұл өлшем, ал оң жақтағы сандар-кеуде көлемінің ең шығыңқы нүктелерінен және кеуде астындағы шеңберден айырмашылығы.

АА — 10-11

А — 12-13

В — 14-15

С — 16-17

D — 18-19

Е — 20-21

F — 22-23

G — 23-26

H — 26-18

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ