Қол терісі ​ҚҰРҒАП КЕТКЕНДЕ жасалатын КҮТІМ

0
21 566

Қол терісі өте жұқа, тері астында май қабаты болмағандықтан, тез жарылады


Қол терісі ​ҚҰРҒАП КЕТКЕНДЕ жасалатын  КҮТІМ

Күз келіп, ауа райы салқындағалы тек қана жылы киініп, дәрумендерді көбірек қабылдау жеткіліксіз.

Үнемі ашық жүретін дене мүшелері, бетіміз бен қолымыз ыстыққа да, суыққа да қанша төзімді болса да, оларға да ерекше көңіл бөлуге тиіспіз. Өйткені, қол терісі дененің басқа бөліктеріне қарағанда тез қартаяды.

Оның үстіне, барлық жұмыс қолмен істеледі. Қолымызға күніне бір рет 10-15 минут уақытыңызды арнау сіз үшін еш қиын емес!


Алдымызда суық күндер келе жатыр, сондықтан, қол терісінің қабыршықтанып, жарылуын болдырмауға күш салсақ, әдемілігімізбен қоса, теріміздің де саулығын сақтай аламыз.

Егер күтім көрмесеңіз, нәзік терілердің қанға дейін жарылатын кездері болады. Енді бұл тері жарылуының асқынған түрі. Әрине, күтім көрмеген қолдың терісі өте жұқа, нәзік болғандықтан, осылай асқынуға дейін жетеді.

Өйткені, қол терісі өте жұқа, оның астында май қабаты болмағандықтан, тез жарылуға бейім келеді.

Сондықтан, қолыңыздың терісі құрғай бастағаннан үй жағдайында өзіңіз де жасай алатын масканы жасап көріңіз.



СПА-МАСКАсы

Қант түйіршіктері бар скраб жасап алуыңыз керек. Ол үшін қантты ұсақтап немесе ірі түйіршікті шекермен вазелинді араластырып, құтыға салып қойсаңыз болады. Мұны аптасына кем дегенде 1 рет жасап тұрыңыз. Скрабтың құрамындағы вазелин теріні нәрлендіреді, жұмсартады, ал қант түйіршіктері терідегі өлі жасушалардан арылтады.



КҮРІШтен скраб

Дәл осындай жолмен күріштен жасалған скрабты да дайындап алуыңызға болады. Ол үшін қалауыңызға қарай 100 немесе 200 грамм күрішті алып, блендерден ұсақтап алыңыз. Оған кез-келген майлы, қолға арналған кремді араластырып скраб жасауыңызға болады.

Кез келген скрабты қолыңызға уқалай отырып жаққан соң, біраз уақыт күтіп, соңынан жай ғана жылы сумен жуып тастаңыз.

Ыстық немесе салқын сумен жумаңыз. Сонымен қатар, скрабтан соң, сабын қолданудың да қажеті жоқ. Скрабтан соң міндетті түрде қолыңызға май жағып қойыңыз. Өсімдік майы, зәйтүн майы немесе сары май да жарайды.

Мұны жатар орынға жасасаңыз, қолыңызға қолғап киіп жатыңыз.



Зәйтүн майы мен ТҰЗ

1 литр суға 2-3 ас қасық зәйтүн майы мен 1 ас қасық ас тұзын қосып жақсылап араластырыңыз. Осы суға қолыңызды салып 10-15 минуттай тұнбадан қолыңызды шығармай уқалаңыз. Әсіресе, тырнақ айналасындағы тері мен саусақ сүйектерін, яғни буын үстіндегі теріні ерекше уқалаңыз. Себебі, осы жердің терісі басқа бөлігіне қарағанда қатқылданып, қатпарланып кетеді.


Жұмыртқа мен майсана майы

1 жұмыртқа мен 1 ас қасық майсана майын араластырыңыз. Осы масканы қолыңызға жағып, кемінде 5 минуттай уқалап, соңынан жылы сумен жуып тасатасаңыз, қол терісінің едәуір жұмсарып, ылғалданып қалғанын байқайсыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ЦЕЛЛЮЛИТтен арылу үшін... 5 ЕРЕЖЕ

ПАЙДАЛЫ, АРЗАН әрі СҰЛУ ЕТЕТІН маскалар