​Көздің астындағы КӨГЕРГЕНДІ КЕТІРУГЕ арналған кеңестер

0
25 342

Салқындаған соң, көзіңізге қойып 15 минуттан 30 минутқа дейін ұстасаңыз болады.


​Көздің астындағы КӨГЕРГЕНДІ КЕТІРУГЕ арналған кеңестер

Көз астындағы көлеңке немесе үнемі көгеріп, көлкілдеп тұрғандай әсер қалдыратын бұл көрініс әлбетте сұлулығыңызға сын келтіреді. Негізінен денсаулықтың ақауын білдіреді дегенімізбен, кейбір жағдайларда ол денсаулыққа байланысты емес, гендік ерекшелік болуы да мүмкін.

Алайда кейбіреулерде ішкі ағзасының ақауы болмаса да осындай белгілер көрінеді. Мұны дәрігердің тексеруінен өткен соң бірден анықтауға болады.


Егер денсаулық жағдайыңызда нұқсан болса, яғни, көз астындағы «қара шеңбер» кенеттен пайда болып әрі айқын көріне бастаса онда дәрігерге қаралуыңыз керек. Ішкі ағзалардың жұмысының бұзылуынан туындайтын көз астындағы көгерулер қан тамырлардың, бауыр, бүйрек жұмысының бұзылуының көрінісі. Сау адамда көз астының көгеруі жұқа теріге немесе оған жақын орналасқан тамырларға байланысты болуы да мүмкін.


Мұндай жағдайда не істеу керек? Қалай арылуға болады?


СҰЙЫҚТЫҚты жеткілікті ішу

Егер сіз күнделікті сұйықтықтың мөлшерін аз қолдансаңыз, ол міндетті түрде көз астының «көгеруіне» алып келеді. Әр адам өзіне лайықты күнделікті тұтынатын сұйықтықтыңмөлшерін жақсы білуі тиіс.


Ұйқының аздығы

Шаршау-көгерудің танымал себептерінің бірі. Дене шаршаған кезде, онда барлық процестер, соның ішінде қан айналымы баяулайды.

Қанайналымының өз қызметін дұрыс атқара алмауы көз астының көгеріп, ісінуіне, қалталануына алып келеді.


ІСІНУді жою

Көз айналасының ісінуі зиянды әдеттерден, күн тәртібін дұрыс сақтамаудан, уақытылы ұйықтамаудан т.б. түрлі себептерден туындайды. Тұзды, ащы тағамдар мен тәттіге әуестік, жартылай фабрикаттарды жиі тұтыну, темекі шегу, алкогольді ішімдіктерді жиі тұтыну, судың жеткіліксіздігі ісінудің себептері бола алады.

Осы жағымсыз әдеттеріңізді тыйсаңыз, ісіну де сап тыйылады.


Гемоглобинді қалыпқа келтіріңіз

Қанның құрамында гемоглобин жетіспесе, тамырлар көгерген түске ие болады. Гемоглобинді көтеру үшін ағзаға темір қажет. Ет, сүт, жұмыртқа, балық пен бауырда кездеседі. Тамақтану рационыңызға міндетті түрде осы өнімдерді қосыңыз.

Қантамырларды нығайту үшін фолий қышқылы, А,С дәрумендерін тұтыныңыз.


КӨЗге арналған 9 ТҮРЛІ күтім ережелері

1. Күн тәртібі мен ұйқы мөлшерін бақылап, көзіңізді демалуға мүмкіндік беріңіз

2. Теріңізді тікелей түскен күн сәулесінен, күшті жел мен қатты аяздан қорғаңыз

3. Сәндік косметиканы ұқыпты пайдалана біліңіз және ұйықтар алдында міндетті түрде бояудың барлығын жуып тастаңыз

4. Ретімен, тұрақты және дұрыс күтім жасау сұлулығыңызды арттырады

5. Косметикалық құралдың жас мөлшеріңізіге сәйкес келетінін таңдаңыз

6. Көз айналасындағы теріге бұрын күтім жасамаған болсаңыз да, оны 45 жасыңызда да бастау кеш емес. Ол үшін арнайы құралдар бар.

7. Косметологпен кеңесу керек, себебі көздің айналасындағы тері өте нәзік және жұқа. Сондықтан, сізге күтімді өз бетіңізше жасау үшін алдымен тәжірибелі маманның нұсқау ауадай қажет

8. косметикалық құралды сатып алмас бұрын, оның құрамына назар аударыңыз. Сіздің теріңізге тиімді компоненттер ісіну мен әжімдерді жоюға көмектеседі

9. Ең алдымен косметикалық құралды сатып аларда оның сізге кері әсері болмайтынына көзіңізді жеткізіп алыңыз. Білегіңізге жаңа құралдарды тексеріп, содан кейін ғана көз айналасындағы теріге жағыңыз.

Сонымен қатар, үй жағдайында күтім жасау ережелерін де біле жүріңіз:


САЛҚЫН КОМПРЕСС

Ас қасықтың 2 немесе 4-еуін тоңазытқышқа салып қойыңыз. Салқындаған қасықпен көзіңіздің ісінген, көгерген тұсына бірнеше секундқа басыңыз. Қасықтың температурасы жоғарылағанда, екінші қасықпен дәл солай басыңыз.

Екі көзіңізге бірдей басуға да болады. Он минуттан артық ұстаудың қажеті жоқ.



Қалташадағы салқын шай

Шайдың самасын шаршаған көзге қоятынын білсеңіздер керек. Ал, бұл жолы бір реттік қалташадағы 2 дана шайды 5 минуттай қайнаған суға салып, демдеген соң, саманы тоңазытқа салып, салқындатып алыңыз.

Салқындаған соң, көзіңізге қойып 15 минуттан 30 минутқа дейін ұстасаңыз болады. Кез келген шай түрі жарамды.


Қияр

Қиярдың 2 тілігін көзіңізге қойсаңыз, ісіну мен көгеруді ғана емес, көз айналасындағы ұсақ әжімдерді тегістеп, терінің жасаруына да үлес қосады. 10-15 минут ұстасаңыз жеткілікті.


КОКОС майы

Көз айналасындағы теріге мұқият жағыңыз. Азғантай мөлшерде алып, жеңіл қимылмен массаж жасай отырып, теріге сіңгенше жағыңыз. Жарты сағаттан соң салқын сумен жуып тастаңыз.


АЛОЭ гүлі

Алоэ гүлінің балғын жапырағын кесіп алып, қоймалжыңын мұқият көз астына жұмсақ қимылмен жағып шығыңыз. 10 минуттан соң, салқын сумен жуып тастайсыз. Күніне 3 рет қайталауыңызға болады.

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ҚАРБЫЗдың ҚАБЫҒЫН малға беруге асықпаңыз


СЕКПІЛ көркімді бұзады деп ойласаңыз МЫНА әдістер көмектеседі