Кірпік пен қасқа майсана майын дұрыс қолдану керек!

0
23 929

Майсана майы – пайдалы әрі шашты аман сақтаудың ең қарапайым жолы. Оны тек шашқа ғана емес, қасыңыз бен кірпігіңізге де пайдалануға болатынын білесіздер. Кастор майының әсері көз қуантарлық болуы үшін дұрыс қолдану аса маңызды. Сол себепті бүгін біз сіздерге қас пен кірпікке қалай пайдалану керек екенін айтамыз.

Майсана майын кірпікке қалай қолдану керек?

Алдымен майдың көзге тамып кетуінен сақтану керек. Өйткені тітіркену мен аллергия болуы мүмкін. Сондықтан кірпікке кастор майын қолыңызбен, немесе мақтамен жағуға болмайды. Дұрысы - көзге арналған сүрменің шеткасы;

- Сүрменің шеткасы арқылы кірпікке тушь жаққандай етіп жағуға болады;

- Артық жағылған майларды арнайы косметикалық майлықпен сүртіңіз;

- Таңертең кірпікті жылы сумен жуу керек.

Бұл әдісті аптасына 3 рет қолдансаңыз нәтижесі көп ұзамай байқалады.

Қасты кастор майының көмегімен қалай өсіреді?

Біз жоғарыда айтқандай кастор майы қастың да әдемі болуына ықпал етеді. Оның нәтижесін көргіңіз келсе, төмендегі нұсқаулық бойынша қолданып көріңіз.

- Бірінше қасты және оның айналасын сусабынның көмегімен тазартып алыңыз. Балаларға арналған сусабын болса тіпті жақсы.

- Майсана майын жұқа етіп қасқа мақтаның көмегімен жағасыз. Бірақ екі қасыңызға екі мақтаны пайдаланыңыз;

- Таңертең ұйқыдан оянғанда алдымен жылы, артынан салқын сумен жууды ұмытпаңыз.

Фото: edinstvennaya.ua

Автор: karashash_esenbay

ERNUR.KZ