​ЛАВР жапырағы теріні БАЛҒЫН етеді

0
5 277

Лавр жапырағының тұнбасы тері тесіктерін тарылтып, теріні тегістейтін қасиетке ие


​ЛАВР жапырағы теріні БАЛҒЫН етеді

Лавр жапырағының емдік қасиетін ертеде-ақ адамдар білген. Ертеректе лавр жапырағын ағзадан уды шығару үшін қолданған екен. Сонымен бірге ірі және ұсақ паразиттерді жою, яғни дезинфекциялау мақсатында да пайдаланған. Ал бүгінде оны тағамға дәмдеуіш ретінде қосады. Сондай-ақ теріні жасарту үшін лосьон және маскалар жасауға қолдануға болады.

Лавр жапырағының тұнбасы тері тесіктерін тарылтып, теріні тегістейтін қасиетке ие. Қара нүктелерді, қызыл бөртпелерді де кетіре алады.


Үй жағдайында дайындау оңай

Ол үшін 1 стакан қайнаған ыстық суға 100 грамм лавр жапырағын салып, баяу отта 5-6 минут қайнатыңыз. Отты сөндіріп, тұндырып қойыңыз. Тұнба сәл суыған соң мақтаны малып, онымен бет терісін сүрту керек. Тұнбаны сіңіре жаққан дұрыс. Тұнбаны тоңазытқышта сақтап, қолдана беруге болады.


Мына әдіс те терінінің күйін жақсартады

Кішкентай шыны ыдысқа лавр жапырағын салып толтырыңыз. Қайнаған су құйып, қақпағын жабыңыз. Ыдысты жылы орап, 4-5 сағат тұндырыңыз. Лавр жапырақтарын сүзіп алып, тұнбаға 3-4 тамшы эфир майын тамызыңыз.

Розмарин немесе шай ағашы эфир майы тұнбасымен де бет терісін күніне екі рет сүртіп отыру қажет.


Майлы теріге арналған лосьон

Майлы тері үшін лосьон дайындау да қиын емес, 3-5 дана лавр жапырағын келіге түйіп ұнтақтаңыз. Қайнаған 1 стакан ыстық суға салыңыз. Екі сағат тұндырып қойыңыз. Тұнбаға 2 ас қасық лимон шырыны мен 1 ас қасық дәріханалық спирт қосып, араластырыңыз. Осы тұнбамен күніне екі рет бет терісін сүртіп тазалаңыз.

Лавр жапырағының тұнбасымен теріні булау да кәдімгідей жасартады

1 литр суды отқа қойып, 4 дана лавр жапырағын салыңыз. Қайнаған соң отты өшіріп, басты сүлгімен бүркеп, теріні булаңыз. 10 минут булау жеткілікті. Арада жарты сағат өткізіп, спирт қосылған (жоғарыда дайындалу жолы айтылды) лосьонмен сүртіңіз. Бұл тазалау тәсілін апта сайын жасап отыратын болсаңыз, бір айдан соң терідегі қара нүктелер, безеу мен басқа да қызыл бөртпелер, қабыну мен ісік жоғалады. Тері жасарып, ұсақ әжім іздері тегістеледі.


Лавр жапырағы тұнбасы тершеңдіктен құтылуға да көмектеседі. Ол үшін 20 дана лавр жапырағын 1 литр суға салып баяу отта 10-15 минут қайнатыңыз. Сәл суытыңыз. Жылы суға аяқты 15 минут салып отыру керек. 1-2 аптадай осы әдісті үзбей қолдансаңыз, тершеңдік те жоғалады.

Сонымен бірге 3 дана лавр жапырағын 200 мл қайнаған суда 1 сағат тұндырып, күніне 3 мезгіл (80-90 мл-ден) ішіңіз. Бұл да тершеңдікті емдейді.

Ескерту: Лавр жапырағы тұнбасын жүкті әйелдерге ішуге болмайды. Себебі, түсік тастау қаупін жоғарылатады.


Арықтауға да септігін тигізеді

5 дана лавр жапырағын 1 литр қайнаған суға салып, баяу отқа қойыңыз. 2 ас қасық даршын (корица) ұнтағын қосыңыз. Тамақтанардан жарты сағат бұрын 100 мл-ден, күніне 3-4 рет қабылдаңыз.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


35+: Альгинат маскасының көмегі сізге МІНДЕТТІ түрде қажет

САРЫСУды қолдануды білесіз бе?