Бала күтіміндегі келіншек сұлулығының құпиясымен бөлісті

0
6 329


Бала күтіміндегі келіншек сұлулығының құпиясымен бөлісті

Сымбатты болу әр әйелдің міндеті. Бірақ тұрмысқа шығып балалы болғаннан кейін, өз-өзімізге қарауды мүлдем ұмытамыз. Сосын әбден бетіміз қатайып, ажарымыз солып бара жатқанда айнаға қарап өз-өзімізге ашуланамыз. Кейбір қыз-келіншектер салмақ тастап арықтап кетсек, ал кейбірі керісінше салмақ қосып алады. Cодан, өз ажарымызға көңіл толмаушылық басталады. Солай емес пе?

Ендеше бүгін үйде отырған келіншек, көп балалы ана, үлкен әулеттің келіні - Ләззат ханым өзінің қолданатын әдістерімен бөліспек. Өзініңіз қалай формасын сақтап, терісін күтетіні туралы төменнен оқи аласыздар.


Ләззат : "Кейбір қыз-келіншектер үшін пайдам тиіп қалар деген мақсатпен осы жазбамды ERNUR.KZ сайтының сұлу оқырмандарына жолдаймын.

Деніңіз сау болсын! Алдымен өз денсаулығыңызға мән беріңіз. Денсаулық біздің басты байлығымыз. Деніміз сау болса бетімізде әдемі, сымбатымызда келісті болады.

  • Жылына кем дегенде бір рет толық тексерістен өтіп тұрыңыз. Денсаулығыңыз үшін ештеңені аямаңыз.
  • Айына екі рет, кем дегенде бір рет моншаға барып, ыстық пар қабылдауды әдетке айналдырыңыз. Ол теріңізді жұмсартып, бітеліп қалған қабыршақтарын тазартады. Сонымен қатар су адам бойындағы барлық шаршау, күйзеліс, жаман ойларды шайып жібереді.

Шаш күтімі. Шашыңыз көп түсетін болса, әрі шашыңыз қайратты, жылтыр болсын десеңіз, кәдімгі дәріханаларда сатылатын "ЗОЛОТОЕ МУМИЕ" деген дәріні сатып алып, 20 данасын өзіңіз күнделікті жуынып жүрген сусабыныңызға (шампунь) салып бір күн қойып қойыңыз, араластырып қойсаңыз да болады. Содан кейін жуа беріңіз.

Ал шашыңыз жылтыр болып жүргенін қаласыңыз сірке суының (уксус) 3 – 4 тамшысын суға тамызып, сол сумен шашыңызды шайып тұрыңыз. Аптасына бір рет қолдансаңыз жеткілікті.

Бет күтімі. Бетіңізді үйде ұбырдан ағып тұрған сумен жумаңыз! Қайнаған сумен таңертең және кешке жуып жүруді әдетке айналдырыңыз.

  • Бетті, көзді сабынмен мүлдем жумаған жөн. Сабынмен уқалап жуу біріншіден көз терісіне зиян, екіншіден әжімнің тез түсуіне себеп болады.
  • Бетіңізге аптасына екі рет маска жасап тұрыңыз. үй жағдайында қолданатын маска.
  • 1 шәй қасық балға 3 – 4 тамшы лимон сығындысын араластырып бетіңізге жағыңыз. Бұл маска бетті әрлендіреді және жұмсартады, құрғақ болудан сақтайды.
  • Мұрындағы қара точкаларды кетіруге арналған маска.
  • 1 дана белсендірілген көмірді (активированный уголь) езіп үстіне, 1 шәй қасық желатин және 1 шәй қасық сүтті араластырып 1 минуттай микротолқынды пеште (микровольновка) ысытасыз. Оны мұрныңызға жағып 15 – 20 минуттай күтіп, жуып тастайсыз. Аптасына екі рет қолдансаңыз нәтижесі жақсы көрінеді.
  • Мойныңызды таңертең және кешке салқын сумен жуып тұрыңыз. мойныңыз түзу болсын десеңіз күніне бір рет мына жаттығуды жасаңыз: қаламды аузыңызға тістеп ауаға 1 – 20 аралығындағы сандарды жазып шығыңыз.

Қол күтімі. Қолыңызды балалар сабынымен ғана жуыңыз.

Тырнағыңыз қатаю үшін лимон сығындысы қосылған немесе тұз салынған суға тырнағыңызды 30 минут салып отырыңыз. Болғасын тырнағыңызға кәдімгі йод жағып алыңыз. Ерінбесеңіз күнде жасасаңыз, тез өсіп, қатаяды.

Қолтықтағы иісті кетіру үшін үй тазалап жуынғаннан кейін, 1 шәй қасық ас содасы мен 1 шәй қасық тұзды 200 мл суға ерітіп мақтамен сүртіңіз. Бұл әдісті нәтижесін көргенше жасай беріңіз.

Бұл жазбам сіздергі ұнаса, керек жерін түртіп алыңыздар".

Аталмыш кеңестерді қолданып көріңіз де нәтижесін бізбен бөлісіңіз. Сіздің де күтінуге арналған ерекше әдістеріңіз болса, бізге жазуыңызға болады.

Фото желіден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ