«Егер әйел сұлулығы өз мүмкіндіген төмен болса ол - күнә» деген әйгілі испан жазушысы Мигель Сервантес де Сааведра. Сондықтан қыздар, күнәден ада болу үшін, өзіңізді қадірлеңіз, оның үстіне қазір бізде мүмкіндік те көп. Солай емес пе? Соңғы кездегі еліміздегі қатты суықтан теріңіз зақымданып, күтімді ойлап жүрсеңіз дәл түстіңіз. Әрі қарай «Сұлулық» айдарына фокусты түзеп, бізді оқыңыз.
«Егер әйел сұлулығы өз мүмкіндігінен төмен болса ол - күнә» деген әйгілі испан жазушысы Мигель Сервантес де Сааведра. Сондықтан қыздар, күнәден ада болу үшін, өзіңізді қадірлеңіз, оның үстіне қазір бізде мүмкіндік те көп. Солай емес пе?
Соңғы кездегі еліміздегі қатты суықтан теріңіз зақымданып, күтімді ойлап жүрсеңіз дәл түстіңіз. Әрі қарай «Сұлулық» айдарына фокусты түзеп, бізді оқыңыз.
Бет терісін күтіңіз
Тері тек жел мен суықтың ғана әсерінен емес, тым ыстықтан да құрғап кетуі мүмкін. Аяздан ыстық жерге кірген кезде бетіңіздің алмадай қызаратынын байқаған боларсыз?! Бұл үрдіс температураның ауысуынан болады. Ол бет терісінің құрғауына әкеледі, сондықтан теріні тітіркендірмеуге тырысу керек. Сондай-ақ, сабынмен бетті жууға болмайтынын есте ұстаңыз. Ал күтімге келер болсақ, құрғақ бет терісіне құрамында майы көп, нәрлендіргіш кремдерді пайдаланыңыз. Ал қалыпты терілерге жеңіл әрі құрамында майы аз кремдерді таңдаған дұрыс.
Ерін күтімін естен шығармаңыз
Шиедей еріннің сәнін кіргізетін - құрамы табиғи далаптар. Кейде үнемі бальзам мен далап қолданатын болсақта, ерініміз жарылып кетеді. Ондай кезде еріннің қабыршықтанғанын жою үшін кешкісін ерінге арналған скраб жаққан дұрыс. Одан бөлек далаптың құрамына аса мұқият болыңыз. Суықтан бөлек, далаптың сұйық болуы, не химиялық заттардың көптігі де ерінді қабыршықтандырады.
Саусақтарыңыз сау болсын
Қолдың терісі өте нәзік болғандықтан, ерекше күтімді қажет етеді. Қыстың күні аязға тоңған қолыңызды эфир майы қосылған крем-сабындармен жуған дұрыс. Ал тырнақтарыңызға құрамында алоэ сығындысы бар майларды жағып тұрыңыз. Негізінен қолды крем-сабындармен жуып, баяу массаждар жасап тұрған өте пайдалы.
Тері үнемі күтімді қалайды
Көпшілігіміздің терімізге өздігімізден назар аудармайтынымыз шындық. Бірақ тек сыртқа шығатын кезде ғана теріге көңіл бөлген дұрыс емес, теріні кешенді түрде нәрлендіріп отыру керек. Мысалы анда-санда жеңіл пилингтер жасауға болады. Ал аяздан келген кезде ыстық душ қабылдамаған дұрыс екен. Оның орнына эфир майы мен теңіз тұзын қосып ванна қабылдаңыз. Әдетте тері түнгі уақытта қалыпқа түседі, сол себептен кешкісін маска қабылдаудың қажеті жоқ. Бірақ күн сайын косметиканы тазалауды ұмытпаңыз. Қысқы мезгілде құрамында А дәрумен бар кремдерді көбірек пайдаланып жүріңіз.
Сіз суық күнде қалай күтініп жүрсіз? Өз тәжірибеңізді бізбен бөлісіңіз.