Жаздың аптап ыстығында теріге арнайы күтімнің керек екені анық. Өйткені шаң, күннің сәулесі, қапырық... бұның барлығы терінің қалыпты жағдайын жоюға себеп болады. Оның әсерінен тері майланып, кейде бөртпелер пайда болып, қан тамырларының аурулары туындауы да мүмкін. Тіпті күн сәулесінің салдарынан бетте сепкіл түсуі де ғажап емес.
Жаздың аптап ыстығында теріге арнайы күтімнің керек екені анық. Өйткені шаң, күннің сәулесі, қапырық... бұның барлығы терінің қалыпты жағдайын жоюға себеп болады. Оның әсерінен тері майланып, кейде бөртпелер пайда болып, қан тамырларының аурулары туындауы да мүмкін. Тіпті күн сәулесінің салдарынан бетте сепкіл түсуі де ғажап емес.
Ал мұндай мәселелерден қалай құтылуға болады?
Түнгі уақытта крем жақпаңыз
Ауа райы 30 градустан жоғары болса, теріге мұқият күтім жасаған жөн. Ол үшін ең бірінші ұйқыға жатар уақытта денеге иісмай жағуды доғарыңыз. Өйткені түнгі кремнің құрамы қою болып табылады. Ал жаз кезінде барынша жеңіл нұсқаларды қарастырған жөн. Мысалы, теріңіз құрғақ немесе қалыпты болса тек бет жуатын өнімдер қолдансаңыз жеткілікті. Ал майлы теріні тазалағаннан кейін нәрлендіретін тоникпен сүртіп жүріңіз.
Көбірек нәрлендіріңіз
Күн ыстық уақытта тері жиі майланады. Оған себеп жоғары температура теріне кептіріп жіберетіндіктен, одан қорғану үшін тері ылғалды көбірек бөледі. Бұл кезде майлылықты бір қалыпты ұстау үшін күн сайын жылы сумен тұрақты жуынып тұрыңыз. Кейде жұпарлы гүлдердің кепкен күлтелерімен ванна қабылдау да пайдалы.
Тамақтану тәртібіне мән беріңіз
Жаздың ыстығында дәрумендер мен пайдалы азық-түліктерді барынша мол тұтынған дұрыс. Жеміс пен көкөністерді жиірек қолданып, керісінше етті азайтыңыз. Ақуыз тұтынғыңыз келсе балық, ірімшік, жұмыртқа немесе құс етін жеңіз.
Тоналды крем пайдаланбаңыз
Жаз маусымында тоналды крем мүлде пайдаланбаңыз. Оның орнын күнге қарсы түрлерімен алмастырыңыз. Қазіргі таңда күнге қарсы кремдердің құрамында тоналды әсер беретін және нәрлендіретін дәрумендер бар. Сонымен қатар, косметологтардың кеңесі бойынша тоналды кремнің орнына опа жағуға да болады.
Косметикалық мұзбен сүртіңіз
Теріні сергіту үшін мұзбен сүрту өте пайдалы тәсіл. Сондай-ақ мұз қан айналымын жақсартып, зат алмасуды реттейді. Косметикалық мұздың бірнеше түрін үйде дайындауға да болады. Қарапайым судан бөлек, көк шәйдің мұзы да терінің жұмсаруына әсер етеді. Лимон мен картоп шырыны қосылған мұз да жаз мезгілінде терінің зақымданбауына күш салады.
Ескерту: Жаздың ыстығында теріге пилинг, эпиляция, мезотерапия сияқты процедураларды қабылдамаңыз. Ондай күтім түрлерін күзге қалдырыңыз. Сондай-ақ, еріннің де күтімін ұмытпай гигиеналық, декоративтік далап пен бальзам қолданып жүріңіз.
Фото ашық дереккөздерден алынды.
Автор: Karashash_esenbay