​ЖАС көрінгіңіз келсе, КАРТОПТЫ пайдаланыңыз

0
6 478

Картопты шикілей қолданамыз.


​ЖАС көрінгіңіз келсе, КАРТОПТЫ пайдаланыңыз

Үй жағдайында бұл масканы жасап көруге кеңес береміз. Өйткені, өте оңай жасалады және барлығына қолжетімді. Тіпті, картоптан басқа бізге артық заттың қажеті де жоқ. Дәл қазіргі уақытта бұл маска бізге өте тиімді. Өйткені, жеміс-жидектің мезгілі емес. Ал картоп әр үйден табылады.


Бұл маска тек қана шикі картоптан дайындалады.


Көз астындағы қалтаны, беттегі ұсақ әжімдерді жоюға және шаршаңқы, тозған теріге де жаңа дем береді.

Картоп маскасы қолданғыңыз келсе, жатар алдында жасағаныңыз тиімді. Өйткені, картоп маскасынан соң, күн астына шығуға болмайды.


Тағы бір ескеретін жағдай, картоп маскасын пайдаланғаннан соң, жуып тастасаңыз да, міндетті түрде соңынан нәрлендіргіш крем жағу міндетті.

Кешкі мезгілде жасау ұсынылатын себебі, күн сәулесінің кері әсері болуы мүмкін. Бетіңізге әртүрлі пигментті дақтардың пайда болуы қаупі жоғары.

Картопты шикілей қолданамыз. Орташа көлемдегі бір дана картопты қабығынан аршып, тазалап жуып алған соң, дөңгелектеп екі тілік кесіп аламыз да, қалғанын үккіштен өткіземіз. Картоптың сыртқы көрінісіне мән беріңіз, ешқандай ақауы болмағаны дұрыс. Белгілі бір бөлшегі болса да үсімеген, яғни, босап қалмаған, зянды уыттары бар көк жері болмауы тиіс. Картоп таза піскен, мүмкіндігінше балғын болғаны да дұрыс.


Дөңгелектеп кесілген жұқа екі тілікті көзіміздің үстіне қою үшін, ал қалған үккіштен өткізілген бөлігін тазартылып жуылған бетке жағып шығамыз.


Егер қаласаңыз, нәтиже арта түсу үшін үккіштен өткізілген картопқа 1 шай қасық сүт пен 1 шай қасық електен өткізілген жоғары сұрыпты ұн қосып жіберсеңіз де болады. Барлығын жақсылап араластырып, бетіңізге жағып шығасыз.


Масканы бетіңізге жағардан бұрын ыңғайлап жатып алыңыз. Өйткені, тұрып жүрсеңіз немесе отырсаңыз, бетіңізге жаққан ұсақ картоп түсіп кетеді. Сондықтан, бетіңізге жағып, 15-20 минут асықпай, демалып жатуыңызға тура келеді. Картоп маскасының басқа да түрлі бетке арналған маскалардан айырмашылығы, мұны көз айналасына еш қорықпастан, ашық жер қалдырмай жағуға болады. Тіпті, қабаққа да үккіштен өткізілген картоптың сөлінен жағып қойыңыз. Бұл көз айналасындағы ұсақ әжімдердің алдын алуға және әжімге қарсы күресуге керемет мүмкіндік.


Тағы бір артықшылығы, қаншалықты қымбат крем жақсаңыз да дәл картоп маскасы секілді тез нәтижеге жету мүмкіндігіңіз жоғары.

Бұл масканы аптасын екі рет жасауға болады. Жасы 30-35 тегі ханымдар үшін масканы аптасына екі рет қолдану жеткілікті. Егер жасыңыз 40-45 тен асқан болса, аптасына 3 рет жасауға да болады. Бір ай бойына үзебй картоп маскасын жасауды қолға алсаңыз, теріңіз жасарып, жарқырап көрінетін болады.

Сонымен қатар, бұл маска терінің жай-күйін таңдамайды. Бетіңіз құрғақ болса да, майлы тері болса да жаға беруіңізге болады. Егер теріңіз құрғақ болса, соңынан нәрлендіргіш кремді немесе зығыр, зәйтүн майынан аз мөлшерде жағып қойсаңыз, құрғақ теріге еш залалы тимейді. Ал, майлы теріні құрғатуға септігін тигізеді.


ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:

Бет терісі өте сезімтал, аллергияға бейім болса, алдымен бетіңіздің белгілі бір бөлігіне ғана жағып көріңіз. Егер қызару, қышу, ашу болмаса, теріге кері реакция бермесе, еш қорықпастан масканы қолдана беруіңізге болады.

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Кәдімгі СҮЗБЕДЕН жасалған маска ӘЖІМДІ кетіреді


"ШАМПАННЫҢ" арқасында ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР сұлу бола түседі