Бала 18 ЖАСҚА келгенше МЫНА сөздерді айтуға болмайды

0
3 162

Баламен арадағы қарым-қатынасқа бірауыз сөзбен тосқауыл қойғанша, бірауыз сөзбен өмірлік берік, мықты көпір орнатуға болады.


Бала 18 ЖАСҚА келгенше МЫНА сөздерді айтуға болмайды

Ыңғайлы, көңілге жақын сөз тауып, баланың жүйкесіне салмақ түсірмей сөйлесе білу - ата-ана қоржынындағы құнды дағдылардың бірі. Балаға айтылған әрбір қарапайым жақсы сөздердің қаншалықты маңызды, әсерлі екенін ата-ана жақсы білуі керек.


Ата-аналар кейде жақсы ниетпен немесе ашумен бала үшін түсініксіз, қиын сөздер айтып жатады. Ал бала бұл сөздерді өз мәселелеріне немқұрайылық, мән бермеу деп түсінеді. Нәтижесінде ата-ана мен бала арасында көңіл-күй алшақтығы туындайды. Ал мұны кейін қалпына келтіру қиынға соғады.


Баламен арадағы қарым-қатынасқа бірауыз сөзбен тосқауыл қойғанша, бірауыз сөзбен өмірлік берік, мықты көпір орнатуға болады. Ендеше арадағы қарым-қатынас еш кедергісіз, қиындықсыз мықты болсын десеңіз, төмендегі сөздерді балаға айтудан сақ болған жөн.


«Сенде ешқандай мәселе жоқ»

Ата-ананың көзқарасында мектептегі мәселе, бала махаббат немесе жасөспірім балаларға тән мәселелер (балалар көзқарасымен ақырзаманға тең, өмірдің соңы) - ақымақтық.

Бірақ бала мұндай мәселердің шешімі үшін ата-анадан көмек сұраса, ақымақтыққа баламай, бағалай білу керек. Ең болмағанда көмекті сырттан іздемей, ата-анам деп сенім артып, құпиясын ашып айтқаны үшін сыйлаңыз, жүре тыңдамаңыз!

Бар болғаны азғана түсіністік пен қолдау, тілектестік білдірген жөн. Мұндай кезде бала кездеөз басыңыздан өткізген тәжірибемен бөлісуге немесе бірге отырып ортақ шешім тапқан жөн. Сонда жасөспірім өз мәселесінің өліп кететіндей қиын емес екенін түсініп, өмір сүруге құлшынысы жоғалмай, уайымнан тез арыла алады.


«Әкең ақымақ» немесе «анаңның басы істемейді»

Ата-ана - балалар үшін үлгі. Егер бала ата-анасының бір-бірі туралы жақтырмайтын, ұнамсыз пікірлерін жиі еститін болса, онда сол сөздердің жиынтығын сана-сезімімен тікелей өзіне қабылдайды. Сол себепті өз-өзіне көңілі толмай, ата-анасынан да түңіле бастайды.

Әу бастан балалар үшін ата-анадан артық, олардан әдемі, мықты, ақылды ешкім жоқ. Сондықтан болмашы сын арқылы, жеке көзқараспен баланың қиялындағы сол кейіпкерлерді, үлгіні жойып жіберуге болмайды.


«Бол, тездет!»

Күнделікті таңертеңгі көрініс: ата-ана жұмысқа асығып, әркім өз ісімен әуре, ал жасөспірім әлі де кереуетінде немесе айна алдынан айналшықтап шыға алмай жүр. Ал ата-ана баланы асықтырып, үсті-үстіне бастырмалатып, даусын көтере бастайды. Әрине, барлығы өз уақытында болғаны дұрыс, бірақ баланы да қайта-қайта айқайлап артық абыржып, күйгелектенуіне жол бермеген абзал.

Бала ағзасы тез өзгеріп, жылдам өсетін болғандықтан оның барлығын игеру бала үшін қиын. Ал оған жүйкеге түскен қосымша салмақ жағдайды одан ары қарай қиындатып, баланы шаршатады.

Ең дұрысы баланы өз уақытын ұтымды пайдалануға үйретіңіз. Ол үшін өзіңіз үлгі бола білсеңіз тіптен жақсы. Мәселен таңертең ұйқыға, өзге де қажетті істерге уақыт қалу үшін, кейбір істерді түнде орындап қоюға әрекет жасау керек.


«Әкел, бәрін өзім істеймін!»

Баланың қолынан іс келмей, айтқан тапсырманы ойдағыдай орындай алмай жатқанда ата-аналардың көпшілігі осы сөзді айтуға дайын тұрады. Бұл өте қауіпті әдет. Себебі ата-ананың «өзім істей саламыны» баланың «менің қолымнан ештеңе келмейді, мен ештеңені дұрыс жасай алмаймын» деп ойлануына алып келеді. Ал жасөспірім шақта жалқаулық көбірек белең алатын кез.

Сондықтан ондай кездегі көмек, өзім істей саламын деу оларды одан әрі қарай жалқауландыра түседі. Сол себепті ондай кезде ары кеткенде шамалы көмек және үлгі көрсету. Мысалы жасай алмай жатқан ісіне, қалай істеу керек екенін ретімен айтып тұрыңыз немесе қағазға жазып беріңіз. Осылай бірте-бірте бала ересектер тарапынан тек қолдау күтіп, қиын істерді өзі жасап үйренуге талпынады.


«Сен не істесең де дұрыс жасайсың!»

Әрине балаға барлығы дұрыс, жақсы болатынын, міндетті түрде қолынан келетінін айтып, мақтап, мадақтап отыру керек. Бірақ асыра сілтеп, шектен тыс мүмкіндіктерге шамасы келетінін айтып үгіттеудің қажеті жоқ. Бұл деген баланың өзін-өзі бағалауында үлкен мәселе туындатады және бойындағы дарынның дамуына кедергі келтіреді. Егер өз-өзіне сенімсіз баланы шектен тыс мақтайтын болсаңыз, ол сол мақтауды күнделікті есту үшін қолынан келетін істің оңай жолын қарастырып кетеді.

Егер баланың өз-өзін бағалауы жоғары болса, онда ол ары қарай бойындағы талантты, дарынды дамытуды, ізенуді қояды. Себебі ол өз қолынан бәрі келеді, кереметпін деп ойлайды. Кейін шындықпен бетпе-бет келіп, өз ісі шынайы бағаланып, өз деңгейі белгілі болған кезде өз-өзінен қатты көңілі қалып, түңілетін болады.

Баламен қарым қатынаста белгілі бір шектеу мен барынша үлкен түсіністік қажет. Ең дұрысы ата-ана баланың ашыла түсуіне көмектесуі қажет және екі араға сенімді қарым-қатынас орнатып, күрделі мәселенің оңтайлы шешімін таба білуге үйретуі тиіс. Бұл балаға деген махаббаттың ең пайдалы, тиімді көрінісі болмақ.

Дереккөз: femmie.ru

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ