​Өрт шыққан жағдайда не істеу керек?

0
3 972

Күні кеше ғана Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда орталығында орын алған өрттің салдарынан болған қайғылы жағдайға кез-келген адамның көзіне жас алмауы мүмкін емес. Мұндай жағдайды ешкім де тілемейді және ойламайды да. Алайда, сақтық шараларын жасап жүру, әр адамның өз өмірінің қауіпсіздігі үшін керек.


​Өрт шыққан жағдайда не істеу керек?

фото: news.mail.ru

Күні кеше ғана Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда орталығында орын алған өрттің салдарынан болған қайғылы жағдайға кез-келген адамның көзіне жас алмауы мүмкін емес. Мұндай жағдайды ешкім де тілемейді және ойламайды да.

Алайда, сақтық шараларын жасап жүру, әр адамның өз өмірінің қауіпсіздігі үшін керек.

Мұндай жағдай кез-келген уақытта, кездейсоқ жағдайда да шығып кетуі мүмкін. Сондықтан, өз өмірімізді, балаларымыздың өмірін қауіпсіздікте сақтау үшін алдын-ала өрт сөндіргіш құралдарының, төтенше жағдайлардан шығу үшін ыңғайластырылған шаралар міндетті түрде болуы тиіс.

Не істеу керек?

Бірінші ереже

Зәрленген шарф. Егер біз жанып жатқан немесе қара түтінге бөккен ғимараттардан немесе тұрғын үйлерден шығу үшін, балаларымызды алып шығу үшін алдымен сабырлылық сақтауды, ойымызды дұрыстап жинақтай алуымыз қажет. Мұндайда адам абдырап, ойын бір арнаға жинамақ түгілі, сасқалақтап, өзінің не істеп жатқандығына есеп бере алмастай халде болатындығын жақсы түсінеміз. Дегенмен, адам өмірі басты орында. Әдетте адам оттан емес, алдымен түтіннен тұншығатынын ескерген жөн.

Сондықтан, үй жағдайында болмаса, кейде мекемелерде, ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрларда сіз су құбырынан ұзағырақта болуыңыз, тіпті, оның қайда екендігін де білмеуіңіз мүмкін.

Түтіннен уланып қалмай, сыртқа аман-есен шыға алуыңыз үшін алдымен тыныс алу жолдарын жабу керек. Ал мұрынды жапқанда дем жетпей тұншығуыңыз да кәдік. Сыртқа шығар жол біреу, ал адам аяғына тапталып, сыртқа шығу қиындай бастаса кез-келген киіміңізді шешіп алыңыз. Ол шарф, жейде, көйлек, блузка, белдемше болуы мүмкін. Осы киімге зәр жіберіңіз.

Иә, иә. Ұялатын түк те жоқ. Адамға қауіп төніп тұрғанда ұялатын, басқалар маған күледі деп қысылудың да артық болатынын білсеңіздер керек. Адамның зәрі ең жақсы сүзгі бола алады. Түтіннен, улы заттардан, артық судан құтқаратын ең жақсы тәсіл. Балаларға да осылай жасауды талап етіңіз. Балалар күлуі мүмкін, бірақ, келіседі. Бұл ұят емес, бұл қауіпті жағдай. Бұлай ету адамды жағдайдан құтқарады.

Екінші ереже

Біз ешқашан ойланбаймыз. «Өрт шығуы мүмкін» деген қорқынышты ойды ешқашан да ойламаймыз. Әрине, Алла сақтасын, алайда, сақтану біздің міндетіміз.

Адамдар көп шоғырланған орталықтарда тек қозғалыс бойынша қолымызды кеудемізге қойып, шынтақты сәл алға жылжыта отырып, жанымыздағы аадамдарға да кедергі келтірмей, барлығымыздың сыртқа тез арада шығып үлгеруімізге жағдай жасауымыз қажет.

«Туысым қалды, балам іште қалып қойды» деп кері қайтып, тобырдың бөгеліп қалуына жағдай жасамаңыз. Мейлінше тәртіппен жылдам қимылдасаңыз, барлығыңыз сыртқа шығып үлгересіздер.

Үшінші ереже

Егер құлап қалсаңыз, оны екі-үш адамның сүйемелдеп тұрғызуы қажет емес. Өйткені, сіздің орныңыздан қайта тұруыңызға 2-3 секунд аралығы жеткілікті, басқаларды бөгемеңіз.

Дем алуыңыздың еркін болуына жағдай жасау үшін алдымен «СҮЗГІ» дайындаңыз, келесі кезек, сыртқы есікке шығар жолдағы тәртіптерді сақтасаңыз, басқаларға кедергі келтірмесеңіз өрттен шығу жолдарын жеңілдеткен боласыз.

Өрт болмасын, алдын-ала сақтық шараларын қолданыңыз. Егер туындай қалған жағдайда біліп жүргендігіңіздің зияны жоқ. Балаларыңызға да ескерте жүріңіз!

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева

ERNUR.KZ