​Ұл бала өсіріп отырған аналар мұны жасамауы тиіс

0
4 132

Ұл бала өсіріп отырған аналар, өздерінің ел қорғаны болар, жауапкершілігі мол, нағыз азамат тәрбиелеуі керек екенін ұғынулары тиіс.


​Ұл бала өсіріп отырған аналар мұны жасамауы тиіс

Ата-ана болу үлкен жауапкершілікті қажет ететінін білеміз. Әсіресе ұл бала өсіріп отырған аналар, өздерінің ел қорғаны болар, жауапкершілігі мол, нағыз азамат тәрбиелеуі керек екенін ұғынулары тиіс. Ұл бала туылғанда әрбір ананың бойын ерекше мақтаныш билейтіні жасырын емес. Осы мақтаныштың әсерінен кейде бала тәрбиесінде өздері де байқамай қалатын қателіктер орын алып жатады. Ұл бала өсіріп отырған аналар төмендегі қателіктерге ұрынбағаны жөн.


Баланың іс-әркеті қаншалықты күлкілі болса да, күлмеңіз

Егер күлген болсаңыз, оның себебін дұрыс түсіндіріңіз. Мысалы: «Сен сияқты кішкентай баланың, ересектер секілді сөйлеуі мен үшін қызық. Мен сенімен мақтанамын!».


Ұлыңыздың қателіктерін оның көзінше құрбыларыңызбен талқыламаңыз

Бұл баланың өзін-өзі жақсы көруіне кері әсерін тигізеді. Әсіресе 4-7 жас аралығындағы балалар үшін. Нәтижесінде келешекте балаңыз сізге сенуден қалып, өзінің сәтсіздіктерін, мәселелерін жасырып қалуы мүмкін немесе қателікке ұрынбас үшін белсенділігін азайтады. Ал мұнай балалар келешекте ештеңе істегісі келмейтін, жалқау болуы әбден мүмкін.


Баланың көзқарасымен, ойымен санаспау

Балаңызбен үнемі кеңесе отырып, өз әрекетіне жауап беру керектігін үйретіңіз! Жауапкершілік – ұл баладағы басты қасиеттің бірі. Отбасының нағыз басшысы, қорғанышы бола білу кейбір ер азаматтың қолынан келе бермейді. Сондықтан ұлдың тәрбиесінде әке басты бәсекелес, яғни бала әкеге қарап, соған жетуге тырысып бағып өседі. Ал анасы баланы әйел затын, ананы құрметтеуге үйретуі керек.


Армандарына тоқтау салмаңыз

Ұл балалар қыздарға қарағанда бұзығырақ, тынымсыздау болып келеді. Ал нәзік ана жүрегі бала үшін қашанда қорқынышта жүреді. Құлап қалса, денесін ауыртып алса, тән жарасына көбірек мән беріп, бала үшін қызықты нәрселерді тыйып тастауға дайын тұрады. Келесіде қорқып сыртқа шығармай немесе ол спортқа қатыстырмай қоюыңыз әбден мүмкін.

Бірақ ананың басты міндетінің бірі - баладағы сол белсенділікті, тынымсыздықты тұқыртып тастамау. Яғни, сырғанаққа барғысы келе ме – барсын, бокс па – рұқсат етіңіз, боксты тастап футбол немесе басқа спорт түріне барғысы келе ме – бұл оның құқығы. Бұдан бала жалқау, бірден-бірге секіретін "селтеңбай" болып кетеді деп қорықпаған жөн. Қайта ол өзіне шын мәнінде не қажет екенін ертерек білетін болады. Тек бастысы – өз әрекетіне жауап беру керектігін ұмыттырмай есіне салып отыру керек.

Сырғанақтан құлап бір жерін сырып алды делік, мұндайда «әні айттым саған» деген сөзді ұмытып, қайта «Жарайсың, көрдің бе, сырғанау қолыңнан келді, доп тебе алғаныңның өзі қандай керемет» деген сөздермен қуат беру керек. Тек келесіде абай болуы керектігін ескертіңіз!


Ұл баланың алдында киім ауыстырмаңыз

Ұл бала өз бетінше жүріп, «мен өзім істеймін» деп сөйлей бастағаннан-ақ, оған кәдімгі ер азамат ретінде қарау керек. Алайда ол ер азаматты өзіңіз туғанмен, келешек ол өзгенің жары, өзгенің азаматы. Сондықтан өзім тудым, өзім білемге салынбай, баланың көз алдында киініп-шешінуге абай болған жөн.


Ұлыңыздың ернінен сүймеңіз

Еріннен сүю – бұл сексуалды сипаттағы әрекет екенін еске салайық. Ернінен сүюдің ананың махаббатына ешқандай ұқсас ортақтығы жоқ. Өз махабатын жеткізу үшін балаңызды ұзақ, жақсылап құшақтап маңдайынан сүйіп иіскеген жеткілікті.

Оқи отырыңыз: ЕНЕ мен КЕЛІН: екі оттың ортасында қалған ЕРКЕК қайтеді?

Дайындаған: Э. Базарбаева

ERNUR.KZ