29 оқушы жас ақындар мүшәйрасында бақ сынады

0
2 631

Мүшәйрада оқушылар «Елбасы халқымыздың мақтанышы, Астана еліміздің бас қаласы» тақырыбында өлеңдер шығарды.


29 оқушы жас ақындар мүшәйрасында бақ сынады

Түркістан облысы, Кентау қаласында Президент күніне орай, Тәуелсіздік жылдарындағы Елбасының елеулі еңбектерін, саяси бағдарламаларын паш ету мақсатында «Елбасы – халқымыздың мақтанышы, Астана – еліміздің бас қаласы» атты мүшайра ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жас ақындар мүшәйрасы Кентау қаласындағы оқушылар үйінде өтті. Мүшәйраға Түркістан облыстық арнаулы колледжі директорының орынбасары Э.Амирханова мен Тілдерді оқыту және дамыту орталығының оқытушысы Ж.Асханова әділқазылық етті.

Жастардың елге, жерге құрметін арттыру, Қазақстан мемлекетінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі мен еңбектерін асқақтату, сонымен бірге мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өткен ақындар жарысына 29 оқушы қатысты.

Мүшәйрада оқушылар 2 кезең тапсырмалары бойынша бақ сынасты. 1-кезеңде үміткерлер «Елбасы халқымыздың мақтанышы, Астана еліміздің бас қаласы» тақырыбы бойынша 6 шумақ өлең жазып, өлеңді мәнерлеп айтудан жарысты. Ал, сайыстың 2-кезеңінде қатысушылар әділқазылар алқасының алдын ала дайындаған билеттеріндегі тақырыпқа сай ІІ шумақ өлең шығарды.

Мүшәйра қорытындысында әділқазылар «Шорнақ» мектебінің оқушысы Орынбасар Аиданы бас жүлдеге лайықты деп шешті. Ал, І орынға «Бабай Қорған» мектебінің оқушысы Әсет Рахманды лайықты деп тапты.

Әль Фараби атындағы №14 мектебінің оқушысы Сырлыханова Әсем мен А. Югнаки мектебінің оқушысы Пахиров Давранға ІІ орын берілді. Б.Момышұлы атындағы №12 мектептен қатысқан Исламов Дастан, №10 мектептің намысын қорғаған Зейнуллаева Томирис және № 7 мектеп оқушысы Қырғызбай Нұрболат жүлделі 3-орынды иеленді.

Сонымен қатар, «Қос қорған» мектебінің оқушысы Полат Кумуш пен М. Әуезов атындағы мектебінен қатысқан үміткер Қалдыбай Диана арнайы номинациялармен марапатталды.