Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің тарапынан Әдеп Кодексі талаптарының орындалуы зерделеніп, кеңінен түсіндірілді.
Түркістан облыс әкімі аппаратының басшысы бекіткен кестеге сәйкес Арыс қаласы әкімі аппараты ғимаратында қала әкімдігінде және қалалық дербес бөлімдерде қызмет атқаратын барлық мемлекеттік қызметшілердің, ауыл әкімдерінің, мектеп директорларының, бала бақша меңгерушілерінің, медицина мекемелері басшыларының қатысуларымен семинар өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің тарапынан Әдеп Кодексі талаптарының орындалуы зерделеніп, кеңінен түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытының тұрақтылығы, көрілудегі тәртіптік шаралар, олардың мерзімдерінен бұрын негізсіз алынбаулары, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі мәдениеттілігі, оның ішінде сымтетіктермен сөйлесу мәдениетін қалыптастыру мәселесі, мемлекеттік қызметшілердің қарапайымдылығы, сыпайылығы, дөрекіліктерге жол бермеу мәселелері, ұсынылған киім кию үрдісін сақтау түсіндіріліп, пікірлер алмасылды.
Бұл семинарда мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тәуекелі мүмкін деген қызметтердің түрлері аталып, талапқа сай қызмет атқару назарларына жеткізілді.
Семинар барысында ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау мақсатында анонимді сауалнама жүргізілді.
Сонымен бірге, қалалық газетке алдын ала хабарландыру беріле отырып, 3 мемлекеттік қызметші жеке қабылдауда болып, толғандырып жүрген сұрақтарына қолданыстағы заңдар негізінде түсініктемелер алды.