Әйгілі пианист Алессандро Мартирэ Түркістан облысында өнер көрсетті

0
515

"Turkestan Creative Event" іс – шарасы өтті.


Әйгілі пианист Алессандро Мартирэ Түркістан облысында өнер көрсетті

2021 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 74-сессиясында орнықты даму мақсатында креативті экономиканың халықаралық жылы болып жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының креативті экономикасының инвестициялық әлеуетімен танысу мақсатында 2021 жылғы 28 мамырда Түркістан облысының әкімдігі және түркітілдес елдердің креативті индустриялар қауымдастығы, Түркістан облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған "Turkestan Creative Event" іс – шарасына қатысуға 17 елдің дипломатиялық корпус өкілдері Түркістан облысына сапары өтті.

17 елден келген қонақтар: Венгрия, Нидерланды Корольдігі, Франция, АҚШ, Корея, Австрия, Тәжікстан, Португалия, Сербия, Тайланд, Хорватия, Эстония, Литва, Бразилия, Солтүстік Македония Республикасы, Ауғанстан және Өзбекстан делегациясы "Great Silk Road – Great Heritage" туристік форумына барып, аймақтың туристік және инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты. Сондай-ақ қонақтар Visit Center Turkistan, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, "Ұлы Дала Елі" орталығы, "Алтын Самұрық" театры, "Karavan Saray" мультифункционалды кешенін және т.б. аралады.

Сондай-ақ, дипломатиялық корпус өкілдері мен Түркістан облысының кәсіпкерлері Түркістан облысының суретшілері мен қолөнершілерінің үздік туындыларының көрмесін және әйгілі пианист Алессандро Мартирэнің, "Newspaper Birds Dande Theatre" қазіргі заманғы балет театрының перфомансы мен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның "Тұмар" фольклорлық ансамблінің өнерлерін тамашалады.

Іс – шараны өткізудің мақсаты - Түркістанда Түркі әлемінің және тұтастай алғанда жаһандық әлемнің барлық «креативтері» үшін бірыңғай алаңға айналатын креативті кластер құру. Онда адамдар тәжірибе алмасып, бірлескен бизнес құрып, идеяларды дамытып, өзара әрекеттесе алады. Біздің тағы бір мақсатымыз – Түркістан облысы жоғарыда аталған елдердің бизнес капитандарымен бірлескен инвестициялық жобаларды облыс аумағында іске асыру. Бұл өз кезегінде, облыстың экспортын ілгерілетуге және инвестиция көлемінің артуына септігін тигізетін болады.