Алик Шпекбаев Түркістанда бой көтеретін құрылыс нысандарын аралады

0
1 325


Алик Шпекбаев Түркістанда бой көтеретін құрылыс нысандарын аралады

Облыс орталығына арнайы іс-сапармен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев жаңа облыс болып құрылған Түркістанда бой көтеретін құрылыс нысандарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Биыл Түркістан қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 660 пәтерлі 11 көпқабатты тұрғын үй, ал жыл соңында 540 пәтерлі 9 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беріледі.

Алдымен Агенттік Төрағасы «Отырар» мөлтек ауданындағы құрылыс алаңын аралап, қарқын алған құрылыс жұмыстарының сапасына назар аударды. Нысандармен танысу барысында облыстық құрылыс басқармасы басшысы Тоқтар Үсіпәлиев «Отырар» мөлтек ауданында үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 660 пәтерлі 11 көпқабатты тұрғын үй, ал жыл соңында 540 пәтерлі 9 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға берілетінін, бұл үйлер қала үй кезегінде тұрған тұрғындарға өз кезегімен берілетіндігін баяндады.
Сонымен қатар, «7-20-25» бағдарламасы аясында жаңа мөлтек ауданда жеке инвесторлар есебінен көпқабатты 6 ипотекалық тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатқандығынан да хабардар етті.
Төраға өз сөзінде салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасына тиісті бақылауды назарда ұстау туралы айтты. Бюджеттің әрбір қаржысы бақылауда екенін де ескертті.
Айта кетсек, рухани астананың құрылыс жұмыстары негізінен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңындағы «Тарихи аймақты» қайта жаңғырту бойынша жүргізілуде.