Алматыда Түркістан облысындағы IT саласының мүмкіндіктері таныстырылды

0
416

Үш күнге созылатын бұл жиынға еліміздің барлық аймағынан IT саласына қызығушылар келіп, жан-жақты идеялармен бөлісуде.


Алматыда Түркістан облысындағы IT саласының мүмкіндіктері таныстырылды

Алматы қаласында Most hub Almaty-ның ұйымдастыруымен «Qrltai hackathon startup weekend» іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған жиынға Түркістан облысынан Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков қатысып жатыр.


Үш күнге созылатын бұл жиынға еліміздің барлық аймағынан IT саласына қызығушылар келіп, жан-жақты идеялармен бөлісуде. Шара барысында жасанды интеллектінің тиімді тұстары түсіндіріліп, chatgpt бағдарламасының мүмкіндіктері айтылды.


Хакатон аясында:

– Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру барысында туындайтын субъективті факторларды төмендету мақсатында жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдананатын бағдарламалық шешім әзірлеу,

– Бейнебақылау камераларынан алынатын ақпараттарды ақылды шешімдер арқылы талдау жүргізуге (іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау, өрт шығу, су басу, қылмыстық мінез-қылықтарды, сипаттамалар арқылы жоғалған адам, заттарды анықтау) арналған бағдарлама жасау концептуалды жобалары әзірленді.


Аталған шешімдер алғаш болып пилоттық түрде Түркістан облысында сыналатын болады.