Америкалық ерікті Созақ жастарымен кездесті

0
1 780

Америкалық қонаққа қазақтың қонақжай дәстүріне сай, қазақ шапанын шауып, қазақ даласының символы ретінде аруана кәдесыйын табыс етті.


 Америкалық ерікті Созақ жастарымен кездесті

"Нұр Отан" партиясы Созақ аудандық филиалы, "Жас Отан" жастар қанаты, Созақ аудандық "Жастар ресурстық орталығы" және "Тілдерді оқыту мен дамыту" орталығының ұйымдастыруымен "English for Jastar" партиялық жобасы аясында ауданымыздың мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйретуге, сондай-ақ, ел тарихы мен мәдениетімен танысуға Америкадан келген Марко Перезпен аудан жастарының кездесуі болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудандық жастар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге аудандық партия филиалы қызметкерлері, "Жас Отан" ЖҚ белсенділері, мектептердің ағылшын тілі пәні мұғалімдері, оқушылар қатысты. Р.Әлжанов жастарға бұл партиялық жобаның мәні мен мақсатын жеткізсе, "Жастар ресурстық орталығының" директоры, "Жас Отан" ЖҚ төрағасы Жеңіс Төлепбергенов Марко Перезке аудан жастарының атынан алғысын білдірді.

Кезегі келгенде америкалық қонаққа қазақтың қонақжай дәстүріне сай, қазақ шапанын шауып, қазақ даласының символы ретінде аруана кәдесыйын, ауданымыздың 90-жылдық мерейтойына арнайы дайындалған естеліктерді салтанаты түрде табыс етті.

Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ә.Болат "I am a live" әнін орындады. Кездесу ағылшын тілінде сұрақ-жауап форматында жалғасын тапты. Жалпы, аудан оқушыларының ағылшын тілінде өз ойларын еркін түрде ортаға салып, пікірлерімен бөлісіп отырғаны көңілге қуаныш сыйлағанын арнайы атап өткізіміз келеді.