Арақ ішкен азамат бөтелкелестерін пышақтап тастады

0
1 409

ERNUR.KZ. Шардара ауданында 38 жастағы азаматша мен 43 жастағы азамат пышақталған дене жарақатымен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Тергеу барысында олардың спирттік ішімдік ішу барысында туындаған жанжалда жарақат алғаны анықталды. Бөтелкелестердің бірі пышақ алып, әйелдің сол жақ көкірек тұсына тығып алған. Ал, 43 жастағы азамат араша түсіп, ажыратпақшы болған кезде күдікті оның да оң жақ көкірек тұсына суық қару тығып алғаны анықтады.

Шардара АІІБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 35 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Күдікті қамауда.

Аталған жайт бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.