​Арыс қаласында медиаторлар мен билердің жұмысы жандандырылған

0
1 540

Бүгінгі таңда Арыс қаласы бойынша 28 кәсіби емес медиатор, 37 ауыл билері өз жұмыстарын белсенді атқаруда.


​Арыс қаласында медиаторлар мен билердің жұмысы жандандырылған

Арыс қаласында медиаторлар мен билердің жұмысы жандандырылған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда Арыс қаласы бойынша 28 кәсіби емес медиатор, 37 ауыл билері өз жұмыстарын белсенді атқаруда. Әрбір ауылдық әкімдіктен медиаторлар кабинеттері ашылып, сотқа дейінгі дау-дамайларды шешуде медиаторлардың ықпалы күшейіп келеді.

Қоғамдық медиаторлардың белсенді жұмыс жасауына сот төрағасы Ақылбек Қайыпұлы ұйытқы болып отыр. Осы орайда қоғамдық медиаторлар мен билерге сот төрағасының ұсынысымен "Медиацияның негіздері» тақырыбында оқыту семинар-кеңесі өткізілді. Мақсаты - медиаторлар мен билердің өз қызметі аясында медиация институтын дамыту арқылы- еліміздегі қоғамдық келісімді, ауызбірлікті, достықты, татулықты, ынтымақты қамтамасыз етуге ықпал жасау.

Бұл күні "Құқықтық және Медиацияны дамыту орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, тренер-медиатор Л. Асанова кәсіби емес медиаторлар мен билерге арнайы сертификаттар табыстады.

Ауданның қоғамдық медиаторлары сот төрағасына өз алғыстарын білдіріп, әрбір ауылда ынтымақ, ауызбіршілік, татулық сақтауға өзіндік үлкен үлес қосуға, атсалысуға дайын екендіктерін жеткізді.