​АРЫС: Үйі бұзылғандар далада қалмайды

0
983

Жарылыс салдарынан үйлері толық бұзылған және жарамсыз күйге түскен Арыс тұрғындары уақытша мектепте тұрақтайды.


​АРЫС: Үйі бұзылғандар далада қалмайды

Арыс қаласындағы Ережепбай Молдабаев атындағы орта мектепте тұрғындар уақытша қоныстанатын 800 орын дайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұнда жарылыс салдарынан үйлері толық бұзылған және жарамсыз күйге түскен тұрғындар орналасады. Бұл орталықта қоныстанушылар 3 мезгіл тамақпен және жатын орындармен қамтылмақ. Балаларға арналған ойын алаңшалары да қарастырылған. Ал жарылыстан зақым келген үйлер толық жөнделген соң тұрғындар өз шаңырақтарына оралады.
Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі