​Арыстағы жарылыстан соң адасқан балаларды қайдан іздеу керек

0
2 426

Туған-туысын іздеген азаматтар arys.komek@mail.ru эл.поштасына бар мәліметті жолдауына болады.


​Арыстағы жарылыстан соң адасқан балаларды қайдан іздеу керек

Арыс қаласындағы төтенше жағдайда ата-анасынан адасқан балалардың суреті облыстық әкімдік сайтына жарияланып отырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

«Ата-анасынан көз жазып қалған кішкентай балалар бар. Барлық жинау бөлімдері бойынша, Шымкенттің барлық аудандарында арнайы жұмыс тәртібін ұйымдастырдық. Адасқан балалардың фотосуреті Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына салынып отырады. Бұл арқылы баласымен қауышып жатқандар бар. Бұл жұмыстарды жалғастырамыз», - деді әкім.

Айта кетейік, Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты қала тұрғындарын эвакуациялау кезінде тұрғындарды бөліп орналастыру тізімін мекен-жайларымен бірге Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында мына сілтемеден білуге болады.

Туған-туысын іздеген азаматтар arys.komek@mail.ru эл.поштасына бар мәліметті жолдауына болады.