Әскери саперлар Арысты жарылмай қалған снарядтардан тазартуда

0
1 319

Бұл жұмысқа 700-ге жуық әскери қызметкер жұмылдырылған.


Әскери саперлар Арысты жарылмай қалған снарядтардан тазартуда

ERNUR.KZ. Әскери бөлім қоймасында қару-жарақтар детонациясы болған Арыс қаласында саперлар жұмыс істеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

«Тап қазір оқиға орнында жарылғыш заттармен жұмыс істеу тәжірибесі бар тоғыз топ жұмыс жүргізуде. Аталған топтар аумақты жарылмай қалған қару-жарақтардан тазарту бойынша бірқатар шараны орындап жатыр», – дейді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ең бірінші темір жолдар мен Арыс қаласының темір жолға жақын орналасқан тұрғын ғимараттары тазартылуда.

«Бұдан басқа, инженерлік құрылымдардың жұмысын бақылап, шұғыл штабқа қауіпті жарылғыш заттарды анықтау туралы хабар беретін ұшқышсыз әуе көліктерін қолдану арқылы қала маңы мен арсеналдың техникалық аумағын барлау жұмыстары іске асырылып жатыр. Осының арқасында Шымкент қаласына қарай бағытталған дала өртінің тарау қаупі бар екені анықталды», – деп жазылған хабарламада.

Әскери полицияның бөлімшелері арқылы тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылған. Қаланы қоршауға 700-ге жуық әскери жұмылдырылған.